Аймақтар • 11 Маусым, 2019

«ҚазМұнайГаз» бен Eni ынтымақтастық аясын кеңейтуде

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Аджип Каспиан Си Б.В.» («Эни Спа» компаниясының үлестес тұлғасы, бұдан әрі – Эни) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат қос компанияның өзара қарым-қатынасын әрі қарай кеңейтуді көздейді.

«ҚазМұнайГаз» бен Eni ынтымақтастық аясын кеңейтуде

Меморандумға сәйкес тараптар алдыңғы қатарлы әдістемелер мен «ноу-хау» алмасуды қоса алғанда, көмірсутектерді барлау және өндіру саласындағы технологиялық ынтымақтастық, барлау және өндіру саласындағы бірлескен жобаларды дамыту үшін мүмкіндіктерді зерттеу, ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері үшін оқыту бағдарламаларын іске асыру бағыттары бойынша серіктестік орнату жөнінде келісті.

«ҚМГ» мен Эни ұңғымаларды бұрғылау және айдау, қабаттарды кешенді модельдеу, кеннің қалған әлеуетін зерттеу, өндіруді арттыру әдістері және т.б. қатысты мәселелер бойынша білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған тұрақты кеңестер өткізуді жоспарлап отыр.

- Біз қос компанияның арасындағы ұзақ мерзімді әріптестікті нығайтуды жалғастырудамыз. Бүгінгі меморандум соның тағы бір дәлелі болып табылады. Компаниялардың табысты өзара ынтымақтастығы өндіріспен қатар білім беру саласын да қамтитын болады, деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

- Бүгінгі кездесуде «ҚазМұнайГаз» бен Эни-дің ортақ жобалары, әріптестігіміздің келешегі талқыланды. Қос компания бірлескен қызметті өзара ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейіне шығаруға ниет білдірді, деді «Эни Спа» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі бас директоры Антонио Велла.

Маңғыстау облысы