11 Маусым, 2019

Көне дастанның үшінші нұсқасы кітап болып басылды

1209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда Қорқыт ата дастанының үшінші нұсқасы кітап болып басылып шықты. Бұл қолжазба Иран жерінде сақталыпты.

Көне дастанның  үшінші нұсқасы кітап болып басылды


Түркиялық ғалым Юсуф Азмун латын графикасына аударып, түсініктеме берген, кітап етіп шығарылған дастан Ирандағы Түркімен Сахра деп аталатын аймақтағы шағын қазақ ауылының тұрғыны Уәли Мұхаммед Қожа деген азаматтың қолында болыпты. Оның айтуынша, бұл еңбекті  өңір тұрғындары осыдан 150 жыл бұрын Мервтен келгендерден сатып алса керек. Осылайша, ұзақ жылдар бойы сақталған қолжазбаны Юсуф Азмунға Уәли Мұхаммед Қожа беріпті. Сөйтіп, Қорқыт ата дастанының Дрездень, Ватикан нұсқаларына жаңа үлгісі қосылды. Ғалымдар дастанның ғылымға белгісіз болып келген осынау жаңа қолжазбасын «Түркімен Сахар нұсқасы» деп атапты. Ал мұндай нұсқаның бар екендігін алғаш рет айтқан түркиялық ғалым Метин Екиджі оны «Түркістан нұсқасы» деп атаған еді. Ол түпнұсқанының Қазақстаннан, соның ішінде Маңғыстау өңірінен табылғаны туралы мәлімдеген болатын. Бірақ дастанның сканерленген бірнеше беттік көшірмесін Түркияда өткен конференцияда таныстырған еді. Біз ұлттың ғана емес, күллі түркіге ортақ мұраның Қазақстаннан табылғанына  қуана отырып, ақпараттың анық-қанығына үңілуге тырысқанбыз. «Біздің ғалымдар неге білмей қалды?» дескенбіз. Расында да академик Мырзатай Жолдасбек тәрізді ғалымдар дастанның түпнұсқасы Қазақ елінде сақталғанына күмән келтірген. «Еститін едік» дескен. Бірақ дастанның үшінші нұсқасының табылғанына ешкімнің шүбәсі болған жоқ. Бірақ дастан Маңғыстауда емес, Иран жерінде сақталыпты.