Қазақстан • 12 Маусым, 2019

Аtameken fest – озық ойлы жастар алаңы

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада байрағы көтерілген Аtameken fest форумында жас кәсіпкерлер, сонымен қатар өз ісін бастауға бел буған 2 мыңнан аса жас жиналды. Отандық бизнестің танымал хэдлайнерлері табысқа жетудің жолдарымен бөлісті.

Аtameken fest – озық ойлы жастар алаңы

Белсенді әрі бастамашыл жас­тар форумындағы негізгі оқиға - «Atameken Academy» бірегей платфор­ма­сы және Ұлттық кәсіпкерлер пала­та­сының «Жас кәсіпкер» білім беру жоба­сының іске қосылуы еді.

– «Atameken Academy» электронды алаңы – арқылы кәсіпкерлер палатасына тиесілі «Бастау», «Жас кәсіп­кер» «Бизнестің жол картасы» аясында жыл сайын шамамен 40-50 адамды кәсіп­керлікке оқытамыз. Оның ішінде бұл қызметтерді тек қағаз жүзінде емес, электронды форматта, яғни Үкі­меттің тапсырысымен жасалып жат­қан біздің оқыту жобаларына тіркелу мүмкіндігі бар. Сол секілді оқыту курстары интерактивті түрде жүргізіледі. «Atameken Academy» сол үшін де қажет. Биыл елімізде Жастар жылы деп жарияланғандықтан кәсіпкерлікке 100 мың адамды жұмылдыруымыз керек. Бұған қоса 20 мың адамды «Жас кәсіпкер» жобасына тартып, ке­мінде 5 мың стартапты іске асы­ру­­ға жағдай жасалады. Бұл үшін қар­жы операторларымен бірлесе жұ­мыс атқарып, азаматтарға бағыт көр­­сетеміз, – дейді «Атамекен» ҰКП жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шағын қаржыландыру депар­таментінің директоры Бауыржан Оразғалиев.

Креативті жастардың құрыл­тай­ын­да жас та болса кәсібін өрге дома­лат­қан табысты жандар, нәтижелі кейс­тер және бизнестің тиімділігін арттыратын тың ойларын ұсынды. Олардың аяқ алысын елдегі жетекші қаржы институттарының басшылары, тіс қаққан қаржыгерлер, танымал кә­сіп­­керлер, блогерлер, спортшылар және медиа тұлғалар бағалады.


Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, 
«Egemen Qazaqstan»