Руханият • 12 Маусым, 2019

Абайдың Төбе би болғандығы жайлы құнды құжат табылды

692 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абайдың мемлекеттік қорық-музейі директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева бастатқан бір топ қызметкерлер Татарстанға ғылыми жұмыстарымен барып келді.

Абайдың Төбе би болғандығы жайлы құнды құжат табылды

Зерттеу барысында белгілі болғандай Абайдың би болып сайланғандығына орай 1885 жылғы құнды құжат табылыпты. Н.И. Лобачевсий атындағы Қазан мемлекеттік  университетінің кітапханасында Абайдың қоғамдағы араласқан қызметтері жайлы құжат қолға іліккен. 1885 жылы Қарамола жеріндегі съезде қабылданған араб тіліндегі «Қарапайым қазақтарға арналған Кодекс» Бірінші құқықтық құжаттың түпнұсқасы осы екен.

- Қарамолада барлығы  Абайды съезд төрағасы етіп сайлайды, - деді Абай музейі директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева, – Абай үш күн ішінде заңға байланысты мақалалар жазады. Құжат 1885 жылы мамырда қабылданып, бір жыл өткен соң Қазан қаласындағы Император университетінің баспаханасында шығарылды.

Мамандардың айтуынша, Абай демократ ретінде қарапайым қазақтардың өмірін қалай жеңілдетеміз деген бағытта көптеген ұсыныстар кіргізген. Бұған дейін музейде кириллица үлгісіндегі машинкаға басылған көшірмесі ғана бар екен. Бұл 1959 жылғы көшірме. Сондықтан да табылған түпнұсқа дал заңдарын зерттеуге толық мүмкіндік береді.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА                  

«Еgemen Qazaqstan»

СЕМЕЙ