12 Маусым, 2019

Сенаторлар К. Мәсімовті ҰҚК Төрағасы қызметіне тағайындауға келісім берді

573 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар К. Мәсімовті ҰҚК Төрағасы қызметіне тағайындауға келісім берді

12 маусымда Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды. Онда депутаттар Қазақстан Республикасының Президентіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп Кәрім Мәсімовті тағайындауына келісім берді.

ҰҚК Төрағасын қызметке тағайындауға келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады.

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед «К.Мәсімов барлық жұмыс аумақтарында өзін принципті, жоғары білікті мемлекеттік қайраткер, өз ісіне және Отан алдындағы борышына адалдығын көрсетіп келеді», - деп атап өтті.

Депутаттар бұл ұсынысқа бірауыздан дауыс берді.