Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір айлық мерзімде:
1) саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізсін;
2) өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Кеңестің құрамы мен Кеңес туралы ережені енгізсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 12 маусым № 3