Президент • 13 Маусым, 2019

Іргесі берік – ілгері басар

1030 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде Президент сайлауы науқаны аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының қоры­тын­­дысы шығып, Қасым-Жо­март Кемелұлы Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске же­тті. Оның жеңісімен басқа бәсеке­лестері, алты бірдей кандидат шыққан қорытындымен келі­сіп, құттықтады.

Іргесі берік – ілгері басар

Дегенмен қоғам­да әл­дебір қолайсыздықтар орын алып тұр­ғанын көріп отыр­мыз. Ал­маты қаласында бі­рер­­ күн бұрын көшелерде рұқ­сат­ етілмеген шеру өтті. Онда­ғы бас­тама­шы­лардың бі­разы өзіміз­дің ақын іні-бауырла­рымыз еке­нін кө­ріп, тіпті алаң­дадық. Рұқ­сат­ етілмеген шеру бол­ған­­­­­­­дық­тан, айтарлықтай бас­бұ­зар­­­лық орын алмаса да, ондай жер­де көпшіліктің тәртіпке шақы­рылуы заңды құбылыс. Ой­найтын шаруа емес секілді. Алаң­ға мың­даған адам жинал­ды. Оларды қоршап тұр­ған қарулы топ одан да көп. Біз байқағандай, жи­налғандардың бәрінің ниеті таза, тілегі адал деп айту да қиын. Біразы, билікке деген нақ­ты ұсы­­ныстарын айта келсе, кей­бірі қара көбейтіп жүргендей, неге келгенін білмейтіндерді де, тіпті арандатушыларды да көзі­міз шалды... 

Өркениетті елдерде ха­лық­тың тілегін жет­кізудің заңды жолдары бар. Біз тәуелсіз ел бол­дық, отыз жылға жақын азат ой­лы мем­­лекет құрғанымыз бел­гілі. Бұл сайлаудың басты қорытындысы – халық өзі­нің ер­кін дауыс беруге құқылы екенін танытты.­ Бо­­­лашақ өзге­рістердің ба­­сы, ір­ге­­тасы қа­ланды деу­­ге бола­ды. Жо­ға­ры­да­­­ғы жиналған адам­дар­дың жаман айтпай жақсы жоқ, ба­сы жарылып, көзі шық­са, сол жиынның көзге кө­рініп тұр­ған үгіттеушісі жауапты болып, жа­­заға тартылады. Осының біз­ге дәл қазіргі уа­қыт­та керегі бар ма? Бір-бірімізді арандатып, шерудің артын ша­таққа ұлас­тырғаннан не нәтиже шы­ғады?

Біз одан да еліміздің тәуел­сіздігін құрметтеп, со­ның баян­ды болуына күш салғанымыз дұрыс. Тәубе, еліміздің іргесі берік, бү­­гінде болашағы­мыз ай­қын. Қан­­ша қиын­шы­лық бол­­ғанмен, ақыр­ындап ілгері басып келе­міз. Со­ған сүйініп, соған бәрі­міз бас-көз болып, қайта қол­дан келген көмегімізді жасасақ, жарқын күндеріміз алда емес пе? Мен бұл жерде,­ барша бауыр­­ларымды са­быр сақтауға ша­қы­рамын. Арандатуға ермей, бір-бірімізді жау көрмей, тон­ның ішкі бауындай бірге болайық.


Жүрсін ЕРМАН,

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері