Қоғам • 13 Маусым, 2019

Итальян тілін тегін меңгермек

672 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атын­дағы Еу­разия ұлттық уни­вер­ситеті, Қазақ­стандағы Италияның елші­лігі және италиялық Eni халықаралық мұнай-газ компаниясы үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Итальян тілін тегін меңгермек

Меморандум аясында ЕҰУ-де «Энрико Маттей» итальян тілі мен мәдениеті орталығы ашылып, студенттермен қоса кез келген итальян тілін үйренгісі келгендерге тегін курстар ұйым­дастырылады.

«Бұл Италия – Қазақстан қа­ты­­нас­тарының тарихи күні. Біз орталықтың атын Италиядағы тарихи тұлға Энрико Маттейдің атымен атадық. Өйткені ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі құрылымды қалпына келтіруге және Италияның эко­номикалық қуатының артуына үлкен үлес қосып қана қоймай, білім беру саласына да көп күш салған қайраткер», деді елші Паскуале Д’Авино.

Университет ректоры Ерлан Сыдықов елшіліктің қолдауына және Eni компаниясының игілікті іске демеу көрсетіп отырғанына алғыс білдірді. Итальян тілінің мұғалімі Роза Хасенова университетте болашақ дипломаттар мен аудармашыларға итальян тілі 2000 жылдардың басынан бері оқытылып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Италияның ең үздік жоғары оқу орындарымен бірлікте жазғы мек­тептер ұйымдастырылып, же­текші профессорлар қабыл­данады.