Қазақстан • 13 Маусым, 2019

Бүгін – Денис Теннің туған күні

109 реткөрсетілді

Бүгін – еліміздегі мәнерлеп сырғанау өнеріне зор үлесін қосып, әлемге атын паш еткен, халықаралық деңгейдегі спорт шебері Денис Теннің туған күні. Қазақстан халқының мақтанышы көзі тірі болғанда 26 жасқа толар еді.

Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматыда дүниеге келген. Ол 2009 жылы әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, үздік он мәнерлеп сырғанаушының қатарына кірді. Осылайша Қазақстанға Ванкувер Олимпиадасына қос бірдей жолдама алып берді. 2010 жылғы Олимпиадада ең жас қатысушы болғанына қарамастан, он бірінші орыннан көрінді.

2010 жылы Денис бапкерін ауыстырды. Елена Буляновадан Юрий Гуськовқа кетті. Сол жылы жазда спортшы Калифорнияға қоныс аударып, Лос-Анджелесте америкалық бапкер Фрэнк Кэроллдың командасында жаттыға бастады.

2011 жылдың ақпанында Қазақстанда өткен VІІ қысқы Азия ойындарында Денис Тен алтын жүлдені алды.

Канадада өткен әлем чемпионатында Денис өзінің жеке рекордына – 266,48 балға қол жеткізді. Еркін бағдарламада үздік шығып, қорытындыда канадалық Патрик Чаннан небәрі 1,3 балға қалып, күміс жүлдені еншіледі. Сөйтіп қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар арасында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді.


Баннер
Соңғы жаңалықтар

Әрбір донор – батыр

Медицина • Кеше

Дарынды түлек Дарина

Қазақстан • Кеше

Қараша қазға қамқорлық

Қазақстан • Кеше

Айбынды жастар анықталды

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар