Қазақстан • 15 Маусым, 2019

Жәрдемақы тағайындау мерзімі анықталды

1192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 1 шілдеден бастап мүмкіндігі шектеулі баласы бар ата-аналарға және бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы көлемі өседі.

Жәрдемақы  тағайындау мерзімі анықталды

Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады. «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасына сәйкес, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі 30 пайызға өсуі тиіс.

  Бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар 31 183 теңге жәрдемақы алып отыр. Оның көлемі 1 шілдеден бастап 41 578 теңгеге өседі. Айта кету керек, елімізде аталған екі жәрдемақы 95 мыңнан астам адамға тағайындалған. Оның 82 мыңға жуығы мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар болса, 13 мыңнан астамы – бала кезінен I топтағы мүгедектерге күтім көрсететіндер.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері мен Еңбек комитетінің аймақтық департаменттері жыл ортасынан жәрдемақының қайта есептелуін  автоматты түрде жүзеге асырады. Жәрдемақы алушылар оған қосымша құжат тапсырмайды. Жәрдемақы тағайындау шілденің 1-нен тамыз айының 15-не дейін жұмыс күндері жүргізіледі.


Сандуғаш МАРАЛБАЙ,

ЕҰУ Журналистика факультеті студенті