Аймақтар • 15 Маусым, 2019

Сыр өңірінің тұрғындары полицейлерден кеңес алуда

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміз бойынша өткізіліп жатқан «Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында Қызылорда қаласының тұрғындары көші-қон заңнамасы аясындағы мәселелер бойынша жүгінуде.

Сыр өңірінің тұрғындары полицейлерден кеңес алуда

Мәселен, қала тұрғыны Е.Баймурзаев  «Бұрын танысымның үйінде жұмыс жасаған Өзбекстан Республикасының азаматтарын іздеп қоңырау шалғанымда, олардың көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік шекарадан Қазақстан Республикасына өткізбей жатқандығын білдім.  Не себепті олар елімізге жұмыс жасауға келе алмай жатыр және келгеннен кейін оларды заңды түрде жұмыс жасата алам ба?» деген сауалын қойды.

Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі А.Жолдасбаев егер Өзбекстан Республикасының азаматтары  заңсыз жұмыс жасағаны үшін сотпен кінәлі деп танылса, оларға елімізге 5 жылға дейін кіруге тыйым салынатындығын жеткізді. Мұндай жағдайлар орын алмас үшін қазіргі таңда ТМД азаматтарына жеңілдетілген тәртіппен заңдастырып жұмыс жасатуға болады. Бүгінгі таңда осы және де басқа да мәселелер бойынша Қызылорда қаласындағы Көші-қон орталығынан құқықтық кеңестер алып, қызмет түрлерін заңдастыра алатындығы кеңінен түсіндірілді.


Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі