Қазақстан • 15 Маусым, 2019

Елорданың әкімі ЖЭО-2-ге барып, көше жарықтарын тексерді

245 реткөрсетілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланың тыныс-тіршілігіне жауап беретін нысандарды аралап шықты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Алтай Көлгінов ең алдымен ТЭЦ-2 жұмысы мен қаланың жарықтандыру сапасына мән берді. Қаланы жылу мен сумен қамтамасыз етуде ТЭЦ-тің маңызы ерекше зор. Әкімге нысанның қазіргі жағдайы мен алдағы жылыту маусымына дайындығы баяндалды. Алтай Көлгінов жылыту маусымына дайындықты алдын-ала жүргізу қажеттігін атап өтті.  

 Бүгінде  ЖЭО-1, ЖЭО-2 бүгінде елордадағы 2513 көпқабатты үйді жылу энерго ресурстармен қамтамассыз етеді. "Жылыту маусымы кезінде тұрғын үйлерге үздіксіз жылуды қамтамасыз ету үшін алдын-ала, осы бастан дайындалуымыз тиіс"-  деді әкім. Алтай Көлгінов нысандарды аралау барысында қала көшелерін жарықтандыруды тексерді. Елорданы жарықтандыру қала тұрғындарының түнгі уақыттағы қауіпсіздігінің кепілі. 

Елбасының тапсырмасына сәйкес Smart City жобасы аясында елорда көшелерін жарықтандырудың тиімділігін қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Осы орайда, әкім аталған бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігін атады. "Қалада  шамдар жанбай тұрған немесе мүлдем жарығы жоқ көшелер бар. Өйткені олар қала балансына алынбаған. Бұған жол беруге болмайды.  Бұл себепті өзі ақтауға келмейді. Оның үстіне әсіресе жаз уақытында балалар мен үлкен адамдардың жүруіне кедергі келтіреді. Қауіпсіздік мәселелері шұғыл әрекетті қажет ететінін түсінуіміз керек", - деп өз пікірін білдірді Алтай Көлгінов. Елорда әкімі нысандарды аралау барысында "Есіл" өзенінің жағалауын, "Жастар" шағын ауданын және "Нұрлы Жол" вокзалы аумақтарын абаттандыруды тексерді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Табысқа жетуге талпындырды

Қоғам • Бүгін, 09:23

Ұлттық комитет мүшелері бас қосты

Қазақстан • Бүгін, 09:17

Тиімділікті арттыратын құжат

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Жеті балуан ТОП-20 қатарында

Спорт • Бүгін, 09:12

Өнер бәйгесінің жаңа жұлдызы

Руханият • Бүгін, 09:06

Бөдене саңғырығы – биоотын

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Шатарбай әулетінің шеберлері

Руханият • Бүгін, 09:02

Қаймағы бұзылмаған қазына

Руханият • Бүгін, 08:56

Түлкі өзені бір тазарып қалды

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Арал қайта оралады

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Мәрмәр етін өндіретін кешен

Экономика • Бүгін, 08:46

Түркінің түп негізі – қазақ

Руханият • Бүгін, 08:36

Сабақтастық стратегиясын саралау

Қазақстан • Бүгін, 08:30

Химиялық қалдықтардан қатер көп

Экология • Бүгін, 08:25

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Кеше

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Кеше

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Кеше

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Кеше

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар