Президент • 17 Маусым, 2019

Эльман Насиров: Беделі жоғары тәжірибелі саясаткер

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Эльман Насиров: Беделі жоғары тәжірибелі саясаткер
Әзербайжанда Қазақстан Президентін сайлауда жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты халықаралық беделі жоғары, тәжірибелі саясаткер ретінде таниды. Ол ел тәуелсіздігінің ал­ғашқы күндерінен бастап Қазақстанның игілігі жолында қызмет етіп келеді.

Президенттік сайлауда ай­қын басымдықпен жеңіске жет­кен Қасым-Жомарт Кемел­ұлы халықтың әл-ауқатын жақ­­­сартуға, экономикалық өсім­ге, сондай-ақ әрі қарайғы сая­си қайта жаңғыртулар мен Қазақстан қоғамын топ­тас­­­тыруға бағытталған стратегиялық жолды жалғас­тыратынына сенімдімін. Оның басшылығымен Қазақстан аймақ пен бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуді мұрат тұтатын жаһандық бастамаларды ілгерілете отырып, сыртқы саясатта да белсен­ді жұмысын жалғастыратын болады. Сондай-ақ жаңа Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси бағытының сабақтастығын қамтамасыз ете­тініне де шүбә келтірмеймін.

Әзербайжан мен Қазақстан алдағы кезеңдерде бауырластық өзара қарым-қатынасы мен стра­тегиялық серіктестігін де өріс­тете түседі. Дана да бауырлас Қазақстан халқы ел басшы­сын сайлауда дұрыс таңдау жасады деп санаймын. 

Эльман НАСИРОВ,
Милли Меджлис депутаты (Әзербайжан)

Соңғы жаңалықтар

Уақытты дәл өлшейтін аспап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:43

28 сағатта салынған үй

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:42

Ең жіңішке көлік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:40

Тостаған

Тарих • Бүгін, 09:38

Ақтауды асқақтатқан аламан

Айтыс • Бүгін, 09:36