Қоғам • 17 Маусым, 2019

«Қорғас» бекетінде декларацияланбаған ұялы телефондар тәркіленді

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстіміздегі жылдың 15 маусымы күні сағат кешкі 18-ден 10 минут кеткенде «Алтынкөл» кеден бекетінің Халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы «Қорғас» өткізу пунктінің жолаушылар терминалында кезекті кедендік тексеру барысында кеден қызметкерлері мен шекара қызметкерлері бірлесе отырып, кедендік тексеруден жасырылған үлкен көлемде ұялы телефондарды тәркіледі.

«Қорғас» бекетінде декларацияланбаған ұялы телефондар тәркіленді

Тексеру барысында кеден тәртібін бұзған Қазақстан Республикасы азаматының қол жүгінің ішінен жалпы саны 246 дана, салмағы 19 келіні құрайтын «Samsung»  SCH-U365 маркалы ұялы телефондары шықты. Тәркіленген ұялы телефондардың кедендік құны 3 420 445 теңгені құрады

Қазіргі уақытта кеден тәртібін бұзу фактісі бойынша мемлекетке тиісті кедендік төлемдерді өндіру және тауар иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып отыр.