Әлем • 18 Маусым, 2019

Пекин-Париж ретро-раллиінің қатысушылары Нұр-Сұлтанда тоқтады

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пекин-Париж бағытындағы VII Халықаралық ретро – ралли 1907 жылдан бері алғаш рет Қазақстан территориясымен жүріп өтті.

Пекин-Париж ретро-раллиінің қатысушылары Нұр-Сұлтанда тоқтады

1907-1976 жылдары шығарылған, бағасы миллион долларға дейін жететін автокөліктер шеруі 2 маусым күні Пекиннен бастау алып, Қытай, Моңғолия және Ресей арқылы Қазақстанға келді.

16 маусым күні автокөліктер Павлодарда тоқтап, кеше Елордаға келді.

Астаналықтар мен қала қонақтары қаншама жылдар бойы сапасын жоғалтпаған көліктерді үлкен қызығушылықпен тамашалап, көрмеден алған әсерлері жайлы әлеуметтік желілерде бөлісті.

Айта кетейік, жарыс 35 күнге созылып, осы уақыт аралығында олар 12 мемлекет аумағы бойынша 14 994 километрді бағындырады.

«Пекин-Париж 2019» ретро-раллиіндегі ең ескі көлік – 1907 жылғы 112 жастағы Contal Motori Tricycle мотоциклі, одан кейінгісі – американ-британ экипажының White MM Pullman автомобилі болды. Ол Contal Motori Tricycle мотоциклінен 3 жылға жас. Ал раллидегі ең жас көлік - 1977 жылғы Porsche 911s.