Қоғам • 18 Маусым, 2019

Тест базасы 30% жаңартылды — А. Аймағамбетов ҰБТ сұрақтары туралы айтты

129 реткөрсетілді

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуде берілетін тест тапсырмалары базасының 30%-дан астамы жаңартылды. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

А. Аймағамбетовтың айтуынша, 2019 жылы тест тапсырмаларының базасы жаңартылды. Сұрақтар функционалдық сауаттылыққа, логикалық ойлау деңгейін анықтауға, базалық құзыреттіліктер мен түсінікке бағдарланған.

«Біз үшін маңыздылардың бірі – сұрақтардың мазмұнын жаңарту. Сұрақтар қандай да бір жаттанды ақпаратты қайталауға, есте сақталған белгілі бір фактілерді еске түсіруге бағытталмауы тиіс. Осы тест арқылы оның сауаттылығын, баланың бағдарлануын, мектепте алған білімін қаншалықты пайдалана алатынын түсіну керек. Тест сұрақтарының базасы, басты назар және мазмұны өзгертіледі», — деді білім және ғылым министрі.   

А. Аймағамбетовтың айтуынша, сұрақтарды құрастыру үшін ең тәжірибелі әрі алдыңғы қатардағы педагогтар тартылады. Әзірлеушілер мен сарапшылар облыстық, қалалық білім беру басқармалары,тілдерді дамыту басқармалары, тілдерге оқытудың өңірлік орталықтары, біліктілікті арттыру институттары, оқу-әдістемелі бірлестіктер, колледждер, ЖОО-лар ұсынған білім беру ұйымдарының қызметкерлерінен, мұғалімдер мен оқытушылардан іріктеп алынады.

Сонымен қатар, білім және ғылым министрі тестілерде мағынасы түсініксіз немесе түлектердің пікірінше қате жауаптар болса, апелляция рәсіміне жүгіну керек екенін атап өтті.

Апелляциялық комиссии әрбір ҰБТ өтетін пунктте құрылған, сонымен қатар Республикалық апелляциялық комиссия құрылды. Комиссия құрамына тәжірибелі мамандар енгізілген, олар шағымды қарастырудың объективтілігін қадағалайды.

«Ондай жағдайлар бар, тіпті, ғылымда белгілі бір күндер, оқиғалар бойынша бірнеше мәлімет бар. Сондықтан кейде түлектер апелляцияға келіп, тиісті дерек көзін көрсетіп, дәлелдеп жатады. Комиссия қарап растаған сұрақтар саны бірнеше есе төмендегенін атап өткім келеді», — деді А. Аймағамбетов.

2019 жылы ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген мектеп түлектерінің жалпы саны 96 380 екенін айта кеткен жөн, оның ішінде 73 389 түлек тестілеуді қазақ тілінде, 22 823-і орыс тілінде тапсыратын болады, бұл  75:25 ара қатынасын құрайды. ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында 9 ағыммен 169 ҰБТ өткізу пунктерінде өткізіледі. Тестілеу 5 пән: білім беру бағдарламаларының таңдалған тобына сәйкес 3 міндетті және 2 бейінді пән бойынша жүргізіледі. Барлығы 120 тест тапсырмасы болады. Ең жоғарғы балл — 140.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Кеше

Ай соңына дейін жұмысын аяқтайды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Арыс балалары Бөбекте демалады

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • 19 Шілде, 2019

Полицей сәбиді құтқарып қалды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Игі істің игілігін көруде

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

«Жәрдем» жобасының жәрдемі

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Әкімдерге бағаны халық беруі керек

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар