Камилия Рашитқызы үш жылдан бері татар орталығында айрықша еңбек етіп келеді. Қалалық Достық үйінде «Жастар мен балалар арасындағы этника аралық және конфессия аралық қарым-қатынастың қалыптасуы» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырса, оған Семейдегі мемлекеттік Медицина университеті, Шәкәрім университеті, ҚазИГЗУ студенттері ерекше атсалысты. Спикерлер ретінде әлеуметтнау Phd-і Мұхтар Әбділкәкімов, «REVIVAL 7» жобасының жетекшісі Асқар Садықов, қаладағы жастар мәслихатының депутаты Анатолий Калинкиндер сөз сөйледі.
-Дөңгелек үстел барысында Қазақстандағы татулық пен достықты насихаттау туралы жастарымызға кеңінен ақпарат бердік,-деді Камилия Рашитқызы,-сол сияқты жастарымызбен бірге еңбек етіп жүрген үлкендерімізді де ұмытпаймыз. Татар орталығы жақында №1 Н.Г. Чернышевский атындағы орта мектеп директоры Марсел Гарафудинұлын 60 жасқа толу мерейтойымен құттықтадық. Қазақстандағы Татарстанның төтенше және өкілетті елшісі Денис Валеевтің арнайы Құрмет грамотасын табыстадық.
Камилия Исмаилованың айтуынша, алдағы уақытта Сабантой келе жатыр. Және Ресейдегі, дүниежүзіндегі татар бауырларымен тығыз байланыста болу да жобаларында бар жұмыс.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА
СЕМЕЙ