Президент • 19 Маусым, 2019

Бұл – халқымыз үшін тарихи күн

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ең алдымен, барша қазақ­стандықтарды еліміздің жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев­тың сайлануымен құттық­таймын. Бұл елі­міз үшін тарихи күн, тарихи оқиға, бұл біздің жетіс­тігіміз және тәуел­сіздігіміздің жемісі.

Бұл – халқымыз үшін тарихи күн

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің платформалық бағдар­лама­сында сабақтастық, әділдік және өрлеу деген бағытты атап өтті. Жеке басым, осы саяси бағытты қос қолдап қолдаймын және сол бағыттағы жос­­пар­ланған жұмыстардың то­лық­қанды орындалатынына, іс жүзінде нәтиже беретініне сенім артамын.  

Бүгінгі күннің басты мәселесі әрине, қазақстандықтардың әлеу­­­мет­тік мәселесі. Президентіміз атап өт­­кен­­дей, дәрігерлер мен ұс­таз­­дар­­дың абыройын асқақтатып, жағ­­дайын жақ­сарту қажет. Иә, сала­мат­ты өмір үшін білікті дәрігер, ал сауат­ты ұрпақ тәрбиелеу үшін ұлағат­­ты ұстаз керек екені анық. Сон­дық­тан осы мәселелердің шешім табуы ешқашан өзектілігін жоғалт­пай­ды. Бұл – біздің жарқын болашағымыздың кепілі. 

Оған қоса Қасым-Жомарт Кемелұлының жүріп өткен өмір жолы, саяси жолдағы тәжірибесі, білімі мен біліктілігі іштегі сенімді одан әрі күшейте түсті.  Айта кете­тін жайт, Президентіміздің әлемдегі ық­палды ұйым басшыларымен болған кездесулері және соңғы атқарылып жатқан жұмыстар оның әлемдік аренадағы беделін айқын көрсетіп берді. Бұл біз үшін мақтаныш.  


Нұрғиса ДӘУЕШОВ,  

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері