Аймақтар • 19 Маусым, 2019

Маңғыстауда келесі жылы кәсіби спортшылар жаттығатын кешен ашылады

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысының индустриялық –инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Бегиева Амангүл Нарғұлқызы мәлімдеді.

Маңғыстауда келесі жылы кәсіби спортшылар жаттығатын кешен ашылады

Бұл бағдарлама аясында Үкімет өңдеу өнеркәсібі және агроөнеркәсіп кешені саласындағы басым жобаларды 2018-2020 жылдар аралығында қолдау бағытында 600 млрд теңге қарастырып отыр. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібін дамытуға 400 млрд теңге бөлінген. Бұл несиелеу бағдарламасына негізінен жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өнеркәсібі, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі сондай-ақ, құрылыс материалдарын өндіретін және туризм, білім саласы, көлік және логистика саласындағы қызмет түрлерін қамтитын жобалармен  барлық бизнес субъектілері қатыса алады. Жоба аталған салаларды дамыту мәселесіне қатысты, соның ішінде жүйелік деңгейдегі, орталық және жергілікті деңгейдегі бірқатар іс-шараларды қамтитын 9 тараудан тұрады. «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі үкімет тапсырмасына сәйкес облыс әкімдігі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы негізінде құрылған жобалық кеңседе тиісті іс-шаралар жоспары жасақталып, жұмыс жүргізілуде.

Жобаны жүзеге асыру барысында кәсіби спортшыларды дайындайтын спорт-сауықтыру кешені ашылмақ. Кәсіпкердің құны 100 млн теңге тұратын ұсынысын «FORTE BANK» мақұлдап, кешен 2020 жылдың мамыр айында ашылады деп жоспарлануда.

- Бұл дегеніміз, кәсіби спортшылар үшін таптырмас мүмкіндік. Өйткені, олар жаттығу үшін шетел аспай, өз елімізде дайындалып, олимпиада ойындарына қатыса алады, дейді «FORTE BANK» АҚ МО бойынша филиал директоры А.Өрісбаев.

Маңғыстау облысы