Аймақтар • 19 Маусым, 2019

Патрульдік полицейлер суда құтқару құралдарымен жабдықталды

636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың жарлығына сәйкес, су объектілеріне жақын орналасқан барлық экипаждар суда құтқару құралдарымен жабдықталуы тиіс.

Патрульдік полицейлер суда құтқару құралдарымен жабдықталды

Жағажай маусымының басталуымен Маңғыстау облысының патрульдік полициясына құтқару жилет, шеңбер және арқандар берілді. Бұл жабдықтарды олар адамдарды судан құтқару кезінде қолданатын болады. Сондай-ақ, патрульдік автокөліктердің «арсеналдары» дәрі-дәрмектер, өрт сөндіргіштер, құтқару жабдықтары және арқандармен толықтырылды. Жаздың және суға түсу маусымының басталуымен теңіз жағажай жолымен өтетін жол полициясының барлық экипаждары қазір әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде, соның ішінде теңізде болатын құтқару құралдарымен толықтай жабдықталған. Қызметкерлер кез-келген жағдайда адамдарға көмектесуге дайын екендіктерін бірнеше рет дәлелдеді.

Алайда, әркім суға түскенде немесе басқа жағдайларда сақтық шараларын қолдануы қажет.

Маңғыстау облысы