Аймақтар • 20 Маусым, 2019

Каспий теңізіне батып бара жатқан үш адам құтқарылды

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға 17 маусым күні кешке орын алған.

Каспий теңізіне батып бара жатқан үш адам құтқарылды

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшілігіне Ақтау қаласындағы 1-ші шағын ауданда теңіз жағасындағы демалушылардан 3 адамы бар катамаран аударылып, өздіктерімен шыға алмай, батып бара жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.

 Көмекке «Сериус-20» моторлы қайықпен құтқарушылар жедел шығып, 1998, 2002, 1995 жылдары тулыған жігіттерді құтқару бекетіне алып келді.

 Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.

Маңғыстау облысы