Аймақтар • 20 Маусым, 2019

Өзі көтерілетін қалқымалы Satti бұрғылау қондырғысы Бакуге келді

708 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылғы 19 маусымда Баку қаласында қазақстандық өзі көтерілетін қалқымалы Satti бұрғылау қондырғысын ресми қабылдау салтанаты өтті. Бұл туралы» Қазмұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және Әзірбайжанның Socar мемлекеттік мұнай-газ компаниясының президенті Ровнаг Абдуллаев қатысты.

Өзі көтерілетін қалқымалы Satti бұрғылау қондырғысы Бакуге келді

-Мұндай жобалар екі компания арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нышаны болып табылады. Біз алдағы уақытта да серіктестерімізбен бірлескен қызметімізді одан әрі дамытып, ортақ жобаларды бірге іске асыруға мүдделіміз. Бұл қос тарап үшін мүмкіндіктер аясын кеңейтіп қана қоймай, қазақстандық мұнай-газ секторының құзыреті мен бәсекеге қабілетін арттыруға жағдай туғызады, деп атап өтті А. Айдарбаев.

Satti бұрғылау қондырғысы – бұл толығымен Қазақстанда құрастырылған алғашқы платформа. Ол үш жыл бойы Американың озық технологиялары бойынша екі верфьте салынды. Қондырғы Каспий теңізінде 80 метрге дейінгі тереңдікте бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған. Қондырғыны пайдалану аясында оны жаңғырту жоспарлануда. Бұл 6 000 метрге дейін тереңдіктегі барлау ұңғымаларының қауіпсіз әрі тиімді бұрғылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан-Әзірбайжан мамандарының командасы жасақталды. Олар бұрғылауға қатысып, техникалық қолдау көрсететін болады.

2019 жылғы ақпан айында ҚМГ қондырғыны SOCAR компаниясына сенімді басқаруға беру жөнінде келіскен болатын. Маусымның 14-і ҚМГ еншілес ұйымы «Қазақтеңізкөлікфлоты» қондырғыны Құрық портынан Баку қаласына тасымалдауға кірісті.


Маңғыстау облысы