Экономика • 20 Маусым, 2019

Біріктірілген газ-химиялық кешенінің құрылысымен танысты

603 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

18 маусымда жұмыс сапарының аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Біріктірілген газ-химиялық кешені құрылысының барысымен танысты. Бұл туралы «ҚМГ» баспасөз қызметі хабарлады.

Біріктірілген газ-химиялық кешенінің құрылысымен танысты

Делегация «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан кешеннің құрылыс алаңдарын, жаңадан жабдықталған уақытша құрылыс қалашығын аралады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығының және «Біріккен химиялық компания» ЖШС еншілес ұйымдарының қатысуымен өткен кеңейтілген мәжіліс барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі орынбасары – «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС Басқарма төрағасы Данияр Тиесов құрылыстың қазіргі жағдайы, инжиниринг, жабдық пен материалдарды сатып алу мен жеткізу жұмыстары туралы баяндады. Атап айтқанда, зауыттың бас жоспарын бекіту, технологиялық кестелер және құрылыс алаңына арналған жұмыс құжаттамасын әзірлеу жөнінде сөз қозғалды. Сондай-ақ, Д. Тиесовтің айтуы бойынша кәсіпорынның 3D-үлгісінің 60%-ы әзірленді. Кешенді жобалауға «Қазақ мұнай және газ институты» қатысуда.Тіреуіштерді қағу, бұрғылау-тығыздау тіреуіштерді орнату жөніндегі жұмыстар аяқталды. Іргетасты қалау бойынша негізгі жұмыстар орындалды. Жерасты коммуникациялары тартыла басталды.

Біріктірілген газ-химиялық кешенінің құрылысына жергілікті тауар өндірушілері жұмылдырылған. «АтырауМұнайМаш» ЖШС, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» ЖШС, «Имсталькон» ЖШС және басқалар жабдық пен материалдарды шығару және жеткізумен айналысады.

Құрылыс алаңдарында жұмыс істеп жатқан 36 қосалқы мердігердің 33-і – жергілікті компания болып табылады. Сапар қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Ахметжан Есімов осы жобаның Қазақстан Республикасының экономикасы және мұнай-химия өнеркәсібін дамыту үшін айрықша маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға сенімді басқаруға берілгеннен кейін оның дамуындағы оң тенденцияны атап өтіп, кешенді уақтылы аяқтауды тапсырды.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның 2018 жылғы 28 маусымдағы тапсырмасына сәйкес жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға сенімді басқаруға берілді. Жоба берілген уақыттан бері құрылыс жұмыстарын кең көлемде жүргізіп, оларды қарқынды ілгерілету бойынша шаралар қабылданды, құрылыс кестесі оңтайландырылды және Қазақстан Республикасында ірі жобарларды іске асыруда тәжірибесі бар мамандар тартылды.


Маңғыстау облысы