Аймақтар • 20 Маусым, 2019

Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.

Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады


«20 маусымда сағат шамамен 10-00-де Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістік алқабын химиялық өңдеп  жүрген АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан ұшақ ұшқышы қаза тауып, 2 экипаж мүшесі жарақат пен күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Ұшақтың құлау себебі анықталып жатыр»,  деді ол.