Президент • 21 Маусым, 2019

Халықаралық қоғамдастық мойындаған лидер

1363 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Халықаралық қоғамдастық мойындаған лидер

Владимир ПУТИН,

Ресей Федерация­сының

Прези­ден­ті:

– Нұрсұлтан Әбішұлы – сая­сатта көптен, Кеңес дәуірінен келе жатқан тұлға. Мені қатты таң­ғалдыратыны – оның заман ты­нысын тап басып танитыны. Бұл қасиет – бүгінгі әлемді дөп басып сезіне алатын қасиет оған қайдан дарыған?.. Ол – адал да әділ. Бір мәселелерді тал­қы­ла­ғанда, әрдайым қатардағы адам­дар­ға бұл қалай әсер етеді деп ойлап тұрады.

Си ЦЗИНЬПИН,

Қытай Халық Республикасының Төрағасы:

– Президент Нұрсұлтан Назар­­баевтың арқасында біз­дің елдеріміздің арасында әріп­тес­­тіктің мықты іргетасы қа­лан­­ған. Президент Назарбаев ел­­деріміздің достығын нығай­ту үшін қаншама жыл аянбай ең­бек етті. Қазақстан мен Қы­тай арасындағы қарым-қа­ты­нас­ты дамытуға зор үлес қос­қан Нұр­сұлтан Назарбаевты Қы­тай елі жақсы біледі және аса құр­меттейді.

Ху ЦЗИНЬТАО,

Қытай Халық Республикасының Төрағасы (2003-2013 жж.):

– Тәуелсіздік жылдары Сіздің басшылығыңызбен еңбексүйгіш те ақылман Қазақстан халқы өзі­нің қажырлы да жасампаз ең­бегімен дамудың дұрыс жолын таба білді. Бүгінде Қазақстанда эко­­номика тұрақты даму үс­тін­­де, халықтың әл-ауқаты ар­тып, қоғамның әлеуметтік-сая­си тұрақтылығы сақталып отыр. Соң­­ғы жылдары Қытай-Қазақ­стан қаты­настары белсенді дамуда.

Дональд ТРАМП,

АҚШ Прези­ден­ті:

– Мен Президент мырзаға ЭКСПО-2017 арқылы энергети­калық қауіпсіздік мәселелері бойынша жаһандық үнқатысуды ілгерілетудегі көрегендігі мен көш­­басшылығы үшін ризашы­лығымды білдіремін. Өзара құр­мет пен ортақ мүдделерге негіз­делген АҚШ пен Қазақстан ара­сындағы стратегиялық әріп­тес­тіктің әрі қарай нығая түсе­тініне үміт­тенемін.

Барак ОБАМА,

АҚШ Президенті

(2009-2017 жж.):

– Президент Назарбаев ядро­лық қаруларды таратпау мәсе­лелерінде әлемдегі үлгілі көш­бас­шылардың бірі болып табылады. Қазақстан ядролық қару­дан бас тартып, қауіпсіздік пен эко­номикалық өркендеуге қол жеткізуде үлгі бола алады. Бұл қадам Қазақстанды өңірде­гі тұ­рақты елдердің біріне айналды­руға мүмкіндік берді.

Джордж Уокер БУШ,

АҚШ Президенті

(2001-2009 жж.):

– Құрметті Президент мырза! Сіздің басшылығыңызбен Қазақ­стан жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. Құрама Штаттар, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһан­дық кү­ресте көрсеткен дос­тығы мен ын­тымақтастығы үшін, соның ішін­де «Қазбаттың» Ирак­тағы үз­дік қызметі үшін риза­шылығын біл­діреді.

Режеп Тайип ЕРДОҒАН,

Түркия Республикасының Президенті:

– Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаев – өз зама­ны­ның аса көрнекті тұлғасы жә­не түркі жұртының ақсақалы. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың ха­лық­аралық бастамаларына әр­қашанда ашықпыз әрі зор құр­мет­пен қабылдаймыз. Қазақ­стан Президентінің түркі әлемін­дегі беделі биік, Нұрсұлтан Назар­баевтың барша түркі халық­тары­ның басын біріктіріп, бауыр­лас түрік елімен қарым-қатынасты ны­ғайтуға сіңірген ерен еңбегін атап өтпеуге болмайды.

Абдулла ГҮЛ,

Түркия Республикасының Президенті (2007-2014 жж.):

– Әр келгенімде гүлдене түс­кеніне куә болып жүрген Ас­та­на қаласы – Қазақстанның дина­мизмі мен Президент Назар­баев­ мырзаның көрегендігін бей­­­­не­лейтін ең үлкен туынды. Ас­та­на­ның құрылыс жұ­мыс­­тары­на тү­рік фирмалары мен жұмыс­шы­ларының да үлес қосуын түрік-қа­зақ ын­ты­мақ­тастығының ең әсем нышан­дарының бірі деп бі­ле­міз.

Ильхам ӘЛИЕВ,

Әзербайжан Республикасының Президенті:

– Аймақтағы бейбітшілікке бағытталған Қазақстан басшылы­ғы­ның жүйелі де дана саясаты кө­бі­не қауіпсіздікті нығайтуды көз­­­дейді. Қазақстан тұғыры биік, тегеуріні мықты мемлекет­ке айналды. Сондықтан да ай­мақ­­­­тық мәселелерді шешуде Қа­зақ­­станның рөлі мен маңы­зы арта түсуде, ал біз бұл мем­ле­кет­­тің жетістігіне әрқа­шан да қуаныштымыз. Мен Қазақ­стан­ның жаңа елордасын көріп, қарқынды құрылыспен салынып жатқан жаңа қаланың көркіне тәнті болдым.

Шавкат Мирзиёев,

Өзбекстан Президенті:

– Уақыт пен тағдыр маған әлемдік деңгейдегі мемлекеттік әрі саяси қайраткер – Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге жұмыс істеу мүмкіндігін сыйлады. Ол – озық ойлы адам. Қа­шанда тың реформаларға ұм­тылады. Ол – реформатор. Тәуелсіздік жыл­­­да­ры Қазақ­стан­ның қандай же­­тіс­тіктерге жеткенін көруге бо­ла­ды. Ең бас­тысы, Қазақстанда бейбітшілік пен тыныштық ор­нап тұр. Ре­формалар жүріп жа­­тыр. Қа­зақ­станның бүгінгі жетіс­тік­теріне бүкіл әлем куә.

Назарбаевпен сөйлескен кезде өзімді жайлы сезінемін. Әрбір кездесуден сабақ аламын.

Кофи АННАН,

БҰҰ Бас хатшысы

(1997-2006 жж.):

– Қазақстан – өзге де ТМД елдерімен салыстырғанда ерекше мемлекет. Онда тұрақтылық, бейбітшілік және экономикалық өсім бар. 1991 жылы Президент Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқанда, біз На­зар­баевтың осы бір бастамасы­на қайран қалған болатынбыз. Өйткені БҰҰ әлем елдерін ядро­­лық қарудан бас тартуға үндеп келе жат­қанына 60 жылдан асты. Бірақ нә­тиже жоқ еді. Кейінгі табыстар – Президент Назарбаевтың еңбегі.

Пан Ги МУН,

БҰҰ Бас хатшысы

(2007-2016 жж.):

– Қазақстан Президентінің көреген саясаты болмағанда, бұл өңірдегі халық әлі күнге дейін сынақтардан зардап шегіп отыруы мүмкін еді. Сіздің Орталық Азияда ядролық қарудан ада ай­мақ құру бастамаңызбен Сол­түстік жарты шарда ондай аумақ тұңғыш рет құрылғанын зор ризашылықпен айта аламын.

Маргарет ТЭТЧЕР,

Ұлыбритания Премьер-министрі (1979-1990 жж.):

– Қазір жаһандық саясатта 5-6 ірі және ықпалды саясаткер бар. Солардың бірі – Нұрсұлтан Назар­баев. Мен оған сенемін және оның барлық бастамаларын қолдаймын.

Ли Куан Ю,

Сингапур Республикасының бірінші Премьер-министрі (1959-1990 жж.):

– Президент Назарбаев – кеңес­­­­тік саясаттағы жарық жұл­­дыз, түрлі республикалар ара­сын­­­дағы ірі тұлға. Қазақстан ли­­дері – белгілі деңгейде қатал, тә­жі­ри­белі, жедел шешім қабыл­дай ала­тын адам. Одақтың бас­қа рес­публикаларының өзі мо­йындаған жылы шырай­лы, та­лантты және табанды бас­шы. Назарбаев рес­публика­ны басқарып тұрғанда, Қазақ­­станның табыстарға жету мүм­кін­дігі анағұрлым мол болады.

Махатхир Мохаммад, Малайзияның 1981-2003 жж. және қазіргі Премьер-министрі: 

– Біз елде тұрақтылық бол­ғанда ғана оның дами алатынына сенеміз. Ал Қазақстан өңірдегі ең тұрақты ел болып табылады. Президент Қазақстанның әлем­дегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруін мақсат етіп қойды. Мен Президент мыр­заны талай жылдан бері жеке білетіндіктен, оның осы мақ­сатқа қол жеткізу үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына және оған қол жеткізетініне се­німдімін. Малайзиялықтарға Қа­зақстан туралы көп білу керек. Мен Қазақстан мен Малайзия ара­сындағы қарым-қатынастарды дамытуға Президент айрықша үлес қосты деп санаймын.

Ангела МЕРКЕЛЬ,

ГФР Канцлері:

– Жауапты міндеттерді одан әрі атқаруыңызда Сізге зор та­быс­тар мен сәттілік тілеймін. Эко­­но­микалық, қоғамдық және саяси реформаларды жүргізуде Қазақстан бұдан былай да Гер­мания тарапынан болатын қол­дауға сенім арта алатын болады.

Жак ШИРАК,

Франция Президенті

(1995-2007 жж.):

– Мен өзіңізбен кездесулерімді әр­дайым үлкен ілтипатпен еске аламын.

Мен 1991 жылы Қазақстанда болған өзгерістерді Францияның маңызды әрі шешуші өзгерістер ре­тінде бағалайтынын айтқым ке­лер еді. Алмағайып әрі аса күр­­­делі жағдайда Сіздің еліңіз өзі­­нің ұлттық құндылықтары мен ұзақ тарихына адалдығын сақ­тай отырып, сонымен қатар демо­кратияның адамзат баласына ор­тақ қағидаттары мен құқықтық мем­лекетке бейілдігін паш ететін мем­лекет орнатудың айнымас жолына түсті. 15 жылдың ішінде Қазақстан тұрақты институттары мен серпінді экономикасы бар елге айналды.

Сильвио БЕРЛУСКОНИ,

Италия Премьер-министрі (1994-1995, 2001-2006,

2008-2011 жж.):

– Сізді Қазақстан Пре­зиденті қызметіне қайта сай­ла­нуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сайлаудың нә­тижесі – Қазақстан халқының Сізге деген жоғары се­ні­мі мен сүйіспеншілігінің кө­рінісі. Сізге қазақстандықтардың игі­лігі жолында табысты еңбек және халықаралық аренада Сіздің еліңіз­дің беделі мен рөлі одан әрі арта беруін тілеймін.

Хуан КАРЛОС І,

Испания Королі

(1975-2014 жж.):

– Сіздің еліңіз осы жылдар ішінде айтарлықтай нәтижелерге жетті. Біздің бірлескен жұмысы­мыздың арқасында біздің мем­ле­кеттеріміз арасындағы қарым-қатынас достық пен ынты­мақ­тастық рухында дамып отыр­ғаны мені ерекше қуантады. Мен Сіздің күш-қуатыңыздың арқасында Қазақстан өміріндегі жаңа кезең тағы үлкен прогреспен және ха­лық­тың әл-ауқатының артуымен белгілі болады деп сенемін.

Кан НАОТО,

Жапония Премьер-министрі (2010-2011 жж.)

– Еліңіз Сіздің басшылы­ғы­ңыз­бен әрі қарай дами түседі және ортаазиялық аймақтың тұрақ­ты­лығына, гүлденуіне үлкен үлес қо­сады деген сенімдемін. Жа­по­нияның шығысында болған зұл­мат зілзалаға байланыс­ты шын жүректен білдірген көңіл айту­ларыңыз үшін және Қазақстан Республикасының гу­манитарлық көмек көрсету туралы ұсынысы үшін алғысымды білдіремін.