Экономика • 21 Маусым, 2019

Ахметжан Есімов Қазақстанның мұнайлы өлкесіндегі маңызды жобалармен танысты

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның мұнайлы өлкесі Маңғыстау мен Атырау облыстарына жұмыс сапарымен барған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов полипропилен шығаратын зауыттың құрылысымен және Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру қарқынымен танысты.

Ахметжан Есімов Қазақстанның мұнайлы өлкесіндегі  маңызды жобалармен танысты

Ахметжан Есімов Атырау маңын­да салынып жатқан «Kazakhstan Petroche­mical Industries» атты газ-химия кешенін аралап, кешендегі менед­жмент ауысқаннан кейінгі құры­лыс барысын оң бағалаған. Қазіргі таңда полипропилен зауытының құрылыс қарқыны 34%-ды құрайды. Ал 2017 жылдың 27 қарашасы мен 2018 жылдың 28 мау­сымы ара­лы­ғын­да жобаның жүзеге асырылу жыл­дам­ды­ғы небәрі 6% болатын. 

«Қазір зауыттың бас жоспары мен тех­ноло­гиялық сызбасы әзірленген. Жос­­пар бойынша, жоба құрылысы 2021 жылдың ортасына қарай толық аяқта­лады», – деп хабарлады қордың баспа­сөз қыз­меті. 

Соны­мен қатар «Са­мұрық-Қа­зы­на» басшысы «Қа­ша­ған» кен орнын­да­ғы теңіз кешені аралын аралап, нысан­ның қазіргі жағдайынан хабардар болды. Кешенді жөндеуден өткен Қаша­ғаннан қазір алынып отырған мұ­най көлемі күніне 400 мың баррельге жеткен. 

Былтыр кен орны жылына 11,3 млн тонна мұнай алу жоспарын алға қойған. 2018 жылы жоспарды асыра орын­даған «Қашаған» қызметкерлері был­тыр 13,2 млн тонна мұнай өндірді. 

Сапар аясында Ахметжан Есімов Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовпен кездесіп, Қордың компаниялар тобымен арадағы өзара ынтымақтастық туралы кеңес өткізді. Айта кетерлігі, Қорға қарасты ұлттық ком­­па­ниялар Маңғыстау облысы бюд­же­тінің 38%-дан астамын қалып­тас­тырып отыр.

Кеңес барысында екі тарап қазіргі өңірдегі жобалардың, соның ішінде қайырымдылыққа қатысты жоба­лар­дың даму болашағын талқылады.