Руханият • 21 Маусым, 2019

Әлеуметтік хакатон ұйымдастырылды

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының коворкинг орталығында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» тақырыбындағы әлеуметтік хакатон ұйымдастырылды.

Әлеуметтік хакатон ұйымдастырылды

Оған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы белсенділері, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын модераторы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Уалихан Ибраев «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» тақырыбында жастарға еліміздегі және әлем елдерінде болып жатқан құбылыстар жайлында шағын баяндама жасады.

Жүздесуде облыстық «Жаңғыру жолы» ЖҚ төрағасы Пак Валерий және төрағасының орынбасары Демиденко Евгений «Сананың ашықтығы» қазіргі жастардың білімге, ғылымға, IT-саласына баса мән беру қажеттігі тақырыбында ой қозғады.

Сондай-ақ, өңірлік «Рухани жаңғыру» орталығының қызметкері Бекарыс Нұриманов «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбында Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласынан мазмұнды мысалдар келтіре отырып, ой пікірімен бөлісті.


Қызылорда облысы.