Саясат • 21 Маусым, 2019

«Мемлекеттік тіл және БАҚ»

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ»

Қазылар алқасының бағалауы бойынша облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ержан Қожасовтың «Ол суына бұл суын, Құдайымның қосуын» мақаласы үздік деп танылды. «Үздік телебағдарлама» номинациясы облыстық «Qyzylorda» телеарнасының журналисі, тележүргізуші Толқын Қабылшаның «Мәртебелі тіл» хабарына, «Үздік сайт мақаласы» - номинациясы қазақ тілді сайт бойынша «Kyzylorda-news.kz» ақпараттық агенттігінің тілшілері Динара Махановның «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі», «Жапон студенті диплом жұмысын жазу үшін Қызылордаға келетінін айтты» және орыс тілді сайт бойынша Жәнібек Исаевтың «Crocodyius+крокодил= қолтырауын» мақаласына берілді.

Байқау жеңімпаздарына арнайы диплом мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ