Басты талап – тәртіп
Жұма, 1 ақпан 2013 7:55
Қазақстан – демократиялық даму үрдісі қалыптасқан құқықтық мемлекет. Демек, Ата Заң талабына сәйкес азаматтардың құқығы ең алдымен қорғалады. Азаматтарымыздың конституциялық құқығына қол сұғуға ешкімнің де қақысы жоқ. Еліміздің тыныштығын, азаматтарымыздың құқығының сақталуын қамтамасыз ету құқық қорғау органдарының, әсіресе, өңірлердегі ішкі істер департаменттерінің басты міндеті дейтініміз сол себептен. Мұның маңыздылығын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарымен өткізген кеңесте және бір мәрте атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарына жаһандану дәуірі делінген қазіргі қым-қуыт кезеңде, алдымен ел тыныштығын қорғаудың маңызы жөнінде орынды тапсырмалар жүктеді. Бұл дер кезінде қойылып отырған тапсырма деп білеміз. Сол себептен, ел азаматтарын дәстүрлі емес діни ағымдардың қысымынан, лаңкестік әрекеттер мен терроризмнен қорғаудың кешенді шаралары қолға алынуда.
Азаматтардың қауіпсіздігі – елдің қауіпсіздігі. Саяси, экономикалық тұрақтылығы бекем Қазақстанымызға қауіп төндіруді көздегендердің ойы іске аспайды. Өйткені, біздің құқық қорғау органдары, соның ішінде, ішкі істер саласындағы кәсіби мамандар ел тыныштығына сына қағылуына ешқашан жол бермеген, алдағы уақытта дәл солай бола береді.
Елбасы құқық қорғау органдарынан елдің тұтастығына нұқсан келтіргісі келгендердің жолын кесуді талап етіп отыр. Бұл – орындалатын міндет. Біздің басты міндетіміз – тәуелсіз еліміздің, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қорғау. Біз бұған қай кезде де дайынбыз.
Гүлнәзира МҰХТАРОВА,
облыстық ішкі істер департаментінің
бөлім бастығы, полиция полковнигі.
Атырау облысы.