Аймақтар • 21 Маусым, 2019

Қарағандыда «Жастар әлемі» фестивалі жалау көтереді

708 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең, яғни 22 маусымда кеншілер астанасындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында VІ облыстық «Жастар әлемі» фестивалі жалау көтереді.

Қарағандыда «Жастар әлемі» фестивалі жалау көтереді

Жастар жылы аясындағы айтулы шарада рок-топтар, рэп-орындаушылар және Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск қалалары мен Шет және Абай аудандарынан келетін көше билерінің шеберлері өнер көрсетеді. Сондай-ақ, фестивальге құрметті қонақ ретінде Нұр-Сұлтан қаласының Neon Winchester тобы қатыспақшы. 

Фестиваль бағдарламасына сай, қойылым сағат 12.00-де басталып, кешкі 23.00-ге дейін жалғасады. Шара соңында қатысушыларға арнайы дипломдар тапсырылады деп жоспарланған.

Аталған өнер мерекесі жастар мәдениетін дамыту және насихаттау, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, талантты жастарды анықтау және кәсіби шеберлікті арттыру сынды ізгі мақсаттарды көздейді.



Қарағанды облысы