Саясат • 21 Маусым, 2019

Батыс Қазақстанда мыңнан аса полиция қызметкері марапатталды

683 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан полициясының кәсіби мерекесіне орай Батыс қазақстан облыстық полиция департаменті 1 мыңнан аса қызметкерін марапаттады.

Батыс Қазақстанда мыңнан аса полиция қызметкері марапатталды

Салтанатты шараға сала ардагерлері, қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасы мүшелері, жас қызметкерлердің ата-аналары да қатысты.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғамбаевтың бұйрығы оқылып, үздік сала қызметкерлеріне медальдар, офицерлік погондар, мақтау қағаздары мен алғыс хаттар тапсырылды. Сондай-ақ өңірде үздік қызметімен көзге түскен 1319 қызметкерін облыстық департамент бастығы өз бұйрығымен марапаттады.

- Халық сіздерден жоғары кәсіби біліктілікті, адалдық пен тәптіпті күтеді. Құқықтық тәртіптің мызғымас сақшысы, халыққа берген анттарыңызға адал болыңыздар, - деді департамент бастығы Мақсұдхан Әбләзімов өз

Тәуелсіздік жылдарында Батыс Қазақстан облысы бойынша полицияның 32 қызметкері қызмет бабында жүріп қаза тапқан екен. Әріптестері бұл жолдастарын ешқашан есінен шығармайды. Департамент басшылары, әріпетстері бұл жолы да қаза болған сақшылардың отбасына ақшалай сыйлық, гүл ұсынып, құрмет көрсетті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен аса қауіпті қылмыскерлерді ұстап, ұйымдасқан қылмыскерлердің жолын кескен батысқазақстандық 75 полиция қызметкері жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды.