Аймақтар • 21 Маусым, 2019

Мүмкіндігі шектеулі жандар колледж бітірді

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы, Іле ауданының орталығы Өтеген батыр ауылында «Прогресс» политехникалық колледжінің түлектеріне сертификат пен диплом табыстау рәсімі өтті.

Мүмкіндігі шектеулі жандар колледж бітірді

«Прогресс» политехникалық колледжінде негізінен мүмкіндігі шектеулі жандар оқып, білім алады екен. Ерекше қажеттіліктері бар студенттерді оқыту тоғыз жыл бойы жалғасып келеді. Осы жылдар ішінде екі жүз жетпістен астам адам тігінші, шаштараз, саңырауқұлақ өсіруші, наубайшы, маникюр маманы, аяқ киім жөндеу маманы, массажист мамандықтары бойынша сертификат алған, ал 2016 жылдан бастап компьютерлік сауаттылық бойынша оқыту жүргізілуде. Сондай-ақ, студенттер кәсіпкерлік негіздеріне үйренеді, өз бизнесін ашу немесе табысты жұмысқа орналасу үшін қажетті дағдыларды игереді, ал ең бастысы – әлеуметтік бейімделу мүмкіндігіне ие болады.

- Осы колледжде оқудың арқасында мен өз идеяларымды жүзеге асыруға жағдай туғызатын және өзімді лайықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа шығармашылық мамандықты игеріп алдым, — деді колледж түлегі, бұйымдар тігу ісінің шебері Елена Мигерова.

Жалпы, Алматы облысының Іле ауданында 5 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Өкінішке қарай, мүгедек жандардың барлығы жұмыспен қамтамасыз етілмеген. Қазір олардың жалғыз табысы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жәрдемақысы ғана болып отыр.  

- Біз студентеріміздің  жұмысқа орналасуына және өз ісін ашуына қуана қол ұшын береміз. Оларға қолдау көрсетіп келе жатқан «Филип Моррис Қазақстан» компаниясына алғыс айтамыз, - дейді «Прогресс» колледжінің директоры Жанна Телпекбаева.


Алматы облысы