Өтіп бара жатқан жолаушылар көліктерін тоқтатып, біздің өңірге таңсық жануарларды үлкен қызығушылықпен тамашалап, оларды фото және бейне камераларға жаппай түсіріп жатты.
Далада жайылып жүргендей әсер қалдырғанмен, шын мәнісінде бұл жануарлар Қарағанды қаласында 23-30 маусым аралығында өтетін «Пілдер карнавалы» шоу-думанына әкеле жатқан пілдер болып шықты.
Арқа төсіне аялдаған алып жануарлардың қолдан уақытша жасалған қоршау ішінде, үйретушінің толықтай бақылауында болғанын айта кету керек. Болжам бойынша, аталған шоуды ұйымдастырушылар алыс жолды артқа тастап, межелі жерге жеткеннен кейін жануарларды таза ауаға шығарып, аз-маз демалдырып алғылары келген болса керек.
Қарағанды облысы