«Достық үйінде» өткен салтанатты шарада облыс әкімі Ерлан Қошанов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметші болудың үлкен еңбек және ерекше жауапкершілік екенін атап өтті.
– Біздің міндетіміз – азаматтарымыздың жайлы өмірі мен жемісті жұмысы үшін жағдай жасау. Ел Президенті билікке деген сенім біздің әрқайсымыздан, тұрғындармен ашық диалогтан басталатынын айтады. Біз бұл диалогты күн сайын құруымыз қажет. Біз үшін болмашы проблемалар деген болмауы керек. Барлық өзекті мәселелерді біз уақтылы және толық шешетін болсақ, адамдар оның шешімін басқа жерден іздемейді, – дей келе өңір басшысы мемлекеттік қызметшілерге адалдықтары мен ерен еңбектері үшін алғыс айтты.
Салтанатты рәсім кезінде Жаңаарқа аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Лашын Төлеу мен Қаражал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артем Ким сынды жас қызметкерлер ант берді.
Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шараның соңы жергілікті өнерпаздар қойған мерекелік концертпен түйінделді.
Қазіргі таңда Қарағанды облысында 7 мың мемлекеттік қызметші жұмыс істейді екен. Соның 3,1 мыңы – жастар.
Еске салсақ, Қазақстанда «Мемлекеттік қызметші күні» 2014 жылдың 23 маусымынан бастап ресми түрде атап өтіледі.
Қарағанды облысы