Спорт • 22 Маусым, 2019

Қазақстандық гимнасшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

633 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көркем гимнастикадан Тайландтың Паттая қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Адиля Тілекенова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық гимнасшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Отандасымыз Тілекенова көпсайыс қорытындысы бойынша 70,550 ұпай жинап, жалпы есепте үздік үштіктен көрінді. Көпсайыста бас жүлдені 75,550 ұпай жинаған өзбекстандық Сабина Ташкенбаева жеңіп алса, күміс жүлдені 72,500 ұпай еншілеген қытайлық Ятин Жао қанжығасына байлады. 

Айта кетейік, көркем гимнастикадан Азия чемпионаты 18 маусым күні жалауын түрген болатын. 24 маусымға дейін жалғасатын додада жекелей сында Қазақстан атынан Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова, Роза Абитова және Айдана Шәкенова өнер көрсетіп жатса, топтық жаттығуда Джессика Будник, Регина Сұлтанова, Даяна Жақыпова, Жанерке Дәулетқұлова, Дария Шарафиденова және Сағина Мұратқызы сынға түсуде.