Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыстың кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады.
Қазақстаның батысында және онтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Түнде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, дауыл тұрады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Жел екпіні - 15-20 м/с. Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында күн ысиды, кей жерлерде - аптап ыстық.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап сақталады. Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.