Әлем • 23 Маусым, 2019

Түркияның Кайсери қаласында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

602 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркияның Кайсери қаласында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Кайсери өнеркәсіптік палатасы бірлесе түрік инвесторлары үшін бизнес-семинар ұйымдастырды.

Іс-шараға жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және т.б. салаларда жұмыс жасайтын Кайсеридегі алдыңғы қатарлы 20 компанияның жетекшілері қатысты.

Жиын барысында Қазақстандағы бизнес жүргізудің шарттары, мемлекеттік қолдау шаралары, ЕЭО, Орталық Азия және Қытай нарықтарына экспорттық әлеуеті бар басым салалардағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктері, АХҚО аясында ынтымақтастық және басқа да түрлі мәселелер талқыланды.

Шара нәтижесінде екіжақты кездесулер өткізілді, оның барысында Кайсеридегі бірқатар компаниялар Қазақстандағы тұрмыстық техника, жиһаз өндірісі, терезе-есіктер мен қосалқы заттар шығару мүмкіндігін қарастыру мақсатында инвестициялық ынтымақтастықты орнатуға қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, аталған жиын қорытындысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру шарттарымен тікелей танысу және ынтымақтастық бағыттарын белгілеу мақсатында алдағы уақытта түрік инвесторларының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру жұмысын қарастыру бойынша жақын арада кездесу өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.