Руханият • 23 Маусым, 2019

«Егеменнің» жүлдесі үшін жазушы-журналистер арасындағы бильярдтан турнир басталды

649 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орай публицист-ғалым Ақселеу Сейдімбек атындағы бильярдтан жазушы-журналистер арасындағы дәстүрлі тоғызыншы турнир басталды.

«Егеменнің» жүлдесі үшін жазушы-журналистер арасындағы бильярдтан турнир басталды

Көзмергендер жарысына сөзмергендерден филология ғылымдарының докторы Намазалы Омаш, жазушы Төлен Әбдік, «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, Парламент депутаты Сауытбек Абдрахманов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғараұлы, ақын Жүрсін Ерман және тағы басқа бірқатар жазушы-журналист қатысып жатыр. 

Жарысқа қатысушылар аға буын және жас буын болып екі топқа бөлініп ойнап жатыр. Турнир қорытындысы бойынша екі топтан үздік шыққан алты ойыншыға жүлде тағайындалған. Сондай-ақ тағы бес ойыншы түрлі номинация бойынша арнайы дипломдармен марапатталады.