Қазақстан • 24 Маусым, 2019

Қаламгерлер арасындағы турнир

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына орай белгілі публицист-ғалым Ақселеу Сейдімбек атындағы бильярдтан IV жазушы-журналистер арасындағы дәстүрлі турнир өтті.

Қаламгерлер арасындағы турнир

БАҚ өкілдерінің кәсіби ме­рекесі қарсаңында өткі­­зілген жарысқа 50-ге жу­ық жазушы-журналист қатыс­ты. Атап айтар болсақ, қол мер­гендер жарысына сөз мер­­­гендері Қойшығара Салғараұлы, Төлен Әбдік, Жүр­сін Ерман, Алдан Смайыл, Тұрсын Жұртбай, Қа­жы­ғали Мұханбетқалиұлы, Сауыт­бек Абдрахманов, филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашұлы, «Ege­men Qazaqstan» газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, белгілі журналист Қайнар Олжай және тағы басқа БАҚ қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысып, жарыс­тың көрігін қыздырды.

Жарысқа қатысушылар аға буын және жас буын болып екі топқа бөлініп, өзара кім мықтыны анықтады. Тастаяқ шеберлерінің арасындағы турнир қорытындысы бойынша аға буын арасында филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашұлы қарсылас шақ келтірмей бірінші орынды иеленсе, екінші орын белгілі қаламгер Сәдібек Түгелге бұ­йырды. Үздік үштікті журналист Кенже Жұмағұлов түйіндеді.

Ал жас буын арасындағы бәсекеде «Казахстанская прав­да» газетінің фототілшісі Мақ­сұт Ержанов топ жарды. Ал екін­ші орынды белгілі ақын, журналист Талғат Ешенұлы ие­ленсе, үшінші орын журналист, Ішкі істер министрінің кеңесшісі әрі ведомствоның ресми өкілі Нұрділда Оразға бұйырды. Сонымен қатар үздік ойынымен көзге түскен бірнеше қатысушыға түрлі аталым бо­йынша арнайы диплом табысталды.

БАҚ өкілдері арасындағы бильярд турнирі – интел­лек­­туалдардың кәсіби жары­сы­­мен бір деңгейде өтті деп нық сеніммен айтуға бо­лады. Жарысқа қаты­су­шы­лар да тур­нирдің жоғары деңгейде ұйым­дастырылғанын атап өтіп, жыл сайын дәстүрлі жарыс ретінде жалғасын тапса де­ген тілектерін де жеткізді.