Аймақтар • 24 Маусым, 2019

Автокөлігінен киіктің 70 дана мүйізі табылған адам ұсталды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауылында түн ішінде автокөлігінен киіктің 70 дана мүйізі табылған Жәнібек ауданының тұрғыны ұсталды» деп хабарлайды БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Автокөлігінен киіктің 70 дана мүйізі табылған адам ұсталды

Оқиға 23 маусым күні сағат 00.20-да болған. Полиция қызметкерлері Қазталов ауылында күдікті көрінген «ВАЗ-2121» маркалы автокөлігін тоқтатып, жүксалғышын тексерген кезде, сөмкеге салынған 70 дана киік мүйізі шыққан. Автокөлік жүргізушісі 1992 жылы туған, Жәнібек ауданының тұрғыны екен. 

Аталған факті бойынша Қазталов ауданының полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің339-бабы бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) қылмыстық іс көтеріп, сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастады.


Батыс Қазақстан