Арыс қаласында қоғамдық тәртіпті күзету және тұрғындарды эвакуациялауға көмек көрсету мақсатында Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінен 500 әскери қызметші және 30-дан астам техника жөнелтілді, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, оқиға орнында Ұлттық ұланның іс-әрекетін еліміздің Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары - штабы бастығы Андрей Каскеленов үйлестіреді.