Адамның бір бақыты – өз мамандығынан рухани ләззат алып қана қоймай, өлшеусіз алғысқа бөленіп, сауап арқалау. Сондықтан акушер-гинеколог Чапен Ақанқызы дәрігерлікті таңдағанына бір күн де өкінген емес.

Жарық дүниеге кіп-кішкентай жаңа адамдар келіп жатқанда, қасында болып, ерлі-зайыптылар өміріндегі ұлы қуанышқа ортақтасу, ғаламат сәттердің бөлшегі болу бақытын акушер-дәрігерлер ұдайы сезінбек.
Екі адамның да өмірі үшін жауапты дәрігерлер анасы аман-есен босанып, пысылдаған сәбиін бауырына алғанда, өзі де дамыл тауып, демін рахаттана алатын сәттер аз емес. Мұндай кезде Жұмыр жер дүниеге адам әкелген әйелдің айналасында тербетіліп, бүкіл әлемнің шаттығы құйтақандай шарананың айналасына құйылады.
Осылайша 40 жылдан астам уақыт бойы сүйіншілеген мамандық иесі атанған Чапен Ақанқызы жалақының кейде жетіп, кейде жетпейтініне де көп басын қатырған емес. Ең бастысы, өзін де, өзгелерді де қуанышқа бөлеген сәттер жанына шуақ ұялатып, күш-қуат беретінін біледі. Тәжірибесі ұлғайған сайын жүзіне мейірім ұялаған жан кәсіп таңдауда жаңылыспау және оның жолындағы ұдайы ізденістер, әріптестердің риясыз қошеметіне бөлену, білім байытудың аса маңызды екенін жастарға айтумен келеді. Өзгелерді мойындату – сол мамандықты алдымен өзің сүйіп, өзің құрметтеу деп біледі.
Акушерлік гинекологияда мықты мектептен өткен, жоғары санаттағы маман 40 жылдан астам бойы ең күрделі оталарға қатысты және перзентханаларда кейінгі буынға дәрігерлік кеңестер жүргізеді.
Мамандыққа машықтану жолын Алматы облысының шалғай аудандарында бастаған Чапен Ақанқызы сонау шопандар жайылымына дейін ұшақпен, тікұшақпен талай рет самғаған. Санитарлық авиация анестизиолог, акушер-гинеколог, ота мейірбикесін асыға алып бара жатқанда, бір жағынан толқулы көңіл сонау Нарынқолдың түкпіріне дейін созылған туған жердің бүкіл сұлулығын, Бақанасқа сілтеген Алатау сілемдерін көз алдына айнадай тосатын сәттер ұмытылмақ емес.
Кәсіпқойлықтың жолына оймен саяхат жасап отырған Чапен Сармолдаева Кеңес өкіметі кезінде жақсы дамыған алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қайта көкейкестілікке ие болғанын айтады. Өйткені адам өмірі, адам денсаулығы қай кезде де бірінші кезекте және мемлекеттің бірінші байлығы болуы тиіс. Мықты ұстаздарының арқасында мамандық баспалдақтары сәтті басталған дәрігер жиырма жыл бойы санитарлық авиациямен Алматы облысының алыс түкпірлеріне дейін барып, жарық дүниеге келген мыңдаған сәбидің кіндігін кесіп, бірінші болып қолына алғанымен ерекшеленеді.
1996 жылы Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының шақыртуымен, денсаулық сақтау ұйымдастырушысы және толығымен ота жүргізетін акушер-гинеколог ретінде жұмысын жалғастырды. Одан бері де ширек ғасыр өтті. Медицина озық технологияларға қол жеткізді. Адамдардың тұрмысы бұрынғыдан әлдеқайда жақсы десек те, денсаулық, ана мен бала өлім-жітімі өзектілігін жоймай отыр. Бұған маман былай деп жауап береді.
– Денсаулық сақтау саласының міндеттерін ешкім жоққа шығармайды. Бірақ адамдардың өмірі мен денсаулығына екі жақ та жауапты. Халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарғанымен, денсаулыққа кері әсер ететін факторлар да жеткілікті. Сондықтан да адамдарға денсаулығының байлық екенін кішкентай күнінен үйрету керек. Бәрінен бұрын өз денсаулығыңа деген жауапкершілік болмай, дені сау өмір де болмайды. Әлем өзгерді, бірақ денсаулықтан қымбат ештеңе жоқ, – дейді маман.
Мәселен, мемлекет озық медициналық құрал-жабдықтардың түр-түріне қол жеткізіп жатса да, әлі де болса ауруды анықтауда қиыншылықтар бар. Тәжірибелік дәрігер мұндай жағдайда науқаспен тіл табысудың, мейірімділік танытудың аса маңызды екенін айтады. Виртуалдық әлем адамдардың қазір жүзбе-жүз кездесіп, емен-жарқын араласуын азайтып отырғаны аян. Мұндай жағдайда, алдымен науқастың жанын жылы сөзбен емдейтін дәрігерлер үшін қарым-қатынас орнату, адамгершілік таныту ең басты құрал болып қала бермек.
Ал екі адамның өміріне, ана мен баланың амандығына қатар жауап беретін акушер-гинеколог үшін клиникалық пайымдау дегеніміз не? Алдымен дәрігер анасының туғаннан бергі денсаулығын, бүге-шігесіне дейін білуі тиіс. Аяғы ауыр кезінде қандай күйде екенін, яғни бүкіл әлеуметтік портретінен хабардар болуы қажет. Жүкті әйелді бүкіл әлем аялап, мәпелеу керек болса да, өкінішке қарай, кей жағдайда олай бола бермейді. Түрлі-түрлі тағдырлар бар. Мұның бәрі акушер-гинекологтың көз алдында өтеді.
Бұл күнде Чапен Ақанқызы Алматыдағы Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығында жұмыс істейді. Байырғы маман үшін бұл да қызметтің заманауи баспалдақтары. Халықаралық тәжірибе мен ізденістерге иек артқан орталық бедеулікпен күресуде, ерлі-зайыптылардың балалы болуы үшін құны өлшеусіз жұмыстар атқарады. Ал Чапен Ақанқызы сынды мамандардың жиған тәжірибесі жастар үшін – бағдар, орталық үшін – байлық.
АЛМАТЫ
Оралда жол апатынан жүргізуші қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 16:42
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем кубогінің алтын медалін жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:12
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 14:20
ТЖМ Алматы және Жамбыл облыстарында су басудың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 13:46
Жедел жәрдем қызметінің жұмысына өзгерістер енгізілді
Медицина • Бүгін, 12:32
Тимофей Скатов Дэвис кубогінде қарсыласын жеңді
Теннис • Бүгін, 11:40
Өткен тәулікте 27 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 10:48
5 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:11
«Барыс» «ЦСКА» командасымен сырт алаңда матч өткізеді
Хоккей • Бүгін, 09:31
Алматы облысының жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Кеше
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Кеше
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Кеше
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Кеше
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Кеше
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Кеше
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • 03 Ақпан, 2023
Үндістандағы қар көшкіні кезінде туристер қаза тапты
Әлем • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • 03 Ақпан, 2023
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • 03 Ақпан, 2023
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • 03 Ақпан, 2023
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • 03 Ақпан, 2023
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Ақпан, 2023
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • 03 Ақпан, 2023
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • 03 Ақпан, 2023
Ұқсас жаңалықтар