Аймақтар • 25 Маусым, 2019

Зертханалық тексерулер жүргізіліп жатыр

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы шұғыл брифинг өтті деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Зертханалық тексерулер жүргізіліп жатыр

Оған Қызылорда облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Байменова Ғалия Әбсадыққызы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Абдусаметов Жақсылық Әбілқасымұлы, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Әпетов Ерсұлтан Амантайұлы және облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Шаменов Асылбек Өмірбекұлы қатысты.

«Қазіргі таңда екі жағдайға байланысты ақпарат берейін. Біріншісі Тасбөгет кенті, Сабалақ елді мекен тұрғыны 85 жылғы туылған Е. Р облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 22 маусымда түсіп, 23 маусым күні қайтыс болған. Бұл науқастың диагнозы КҚГҚ ықтималды болжамды жағдайы болған. Тиісті зертханалық тексерулер жүргізілуде, диагнозы толық нақтыланған жоқ. Екінші жағдайға тоқталсам, Шиелі ауданы, Досбол би ауылының 90 жылғы туылған Р. М тұрғыны 15 маусымда Шиелі ауданының ауруханасына түсіп, 24 маусым қайтыс болған. Диагнозы КҚГҚ бойынша нақтыланған жағдай. Науқасқа тиісті емнің барлығы көрсетілген», - деді Ғ. Байменова.

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж. Абдусаметовтің айтуынша, науқастарға дер кезінде тиісті медициналық алгоритмге байланысты емдік клиникалық хаттамаларға сәйкес емдеулер мен тексерулер тағайындалып, қажетті көмек, шаралар көрсетілген.

Брифинг барысында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Е. Әпетов эпидемиологиялық маусымда жүргізілген жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.

Қызылорда облысы.