Аймақтар • 25 Маусым, 2019

Қарағандыда Арыс тұрғындарына көмек жинау пункті ашылды

1104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің қызметкерлері бір күндік жалақыларын Түркістан облысындағы Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде аударады.

Қарағандыда Арыс тұрғындарына көмек жинау пункті ашылды

Сондай-ақ, көмек қолын созғысы келген азаматтар Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, №4 үйдегі Nur Otan партиясының филиалы базасында арнайы құрылған пунктке хабарласа алады.

Қазіргі таңда 42-32-33, 50-20-74, 50-20-73 телефон нөмірлері бойынша жедел желі жұмыс істеп тұр.

Кеше Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасы бойынша Арыс қаласына 10 тонна гуманитарлық жүк жөнелту шарасы ұйымдастырылды. Азық-түлік тағамдарын, бірінші қажеттілік тауарларын, жеке бас гигиенасы заттарын жинау ісіне меценаттар, демеушілер және өңірдің қайырымды тұрғындары ат салысты.

Еске салсақ, 24 маусым күні таңертең Түркістан облысындағы Арыс қаласының маңындағы №44856 әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында алапат жарылыс болды. Қала тұрғындары жедел түрде көрші аудандар мен Шымкент қаласына көшірілді. Арыс қаласында 45 мыңның шамасында адам тұрады.

                                                                 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, АРЫС ҚАЛАСЫНДА ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК «ТҮРКІСТАН» КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ҚОРЫ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ДЕРЕКТЕМЕЛЕР:

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ТАС ЖОЛЫ, 34А ҒИМАРАТЫ,
ПОШТАЛЫҚ ИНДЕКСІ: 161200
БСН 100440016000

«FORTEBANK» АҚ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ
ЖСК KZ196528F0007014540

БИК KIRTYKZKA 

Қарағанды облысы