28 Ақпан, 2013

Әбіләзовтің тағы бір әрекеті әшкереленді

223 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әбіләзовтің тағы бір әрекеті әшкереленді

Бейсенбі, 28 ақпан 2013 7:27

Қылмыскер Әбіләзовке тықыр таянғанын бұдан бұрын да жазғанбыз. Енді, міне, Tengrinews. KZ сайтының жазуына қарағанда, Мәскеудің билік өкілдері кәсіпкер Мұхтар Әбіләзовтен «Матрешка Молл» жер асты көңіл көтеретін кешені салынбақ болып жоспарланған Павелец вокзалындағы құрылыс алаңын қайтарып алуға қаулы шығарған көрінеді. Кешенді салушы инвестициялық шартты бұзу туралы шешімді мэр орынбасары Марат Хуснуллин басшылық еткен Қала құрылысы – жер комиссиясының жұмыс тобы қабылдаған.

Ал кезінде Әбіләзовтің бақылауымен қабылданған «Евразия» инвестициялық-өндірістік тобымен «Павелецкая» ААҚ шартының мерзімі 2010 жылдың қыркүйегінде аяқталған еді. Бұл уақытқа дейін аталған 2,2 гектар телімде «топырақтағы тереңдігі 40 метрлік жар» қазылған болатын. 3,5 гектар құрылыс алаңын сатып алуға және оны игеруге инвестор 80 миллион доллар бөлген екен.

Жалпы, бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның жазуына қарағанда, қазақстандық қашқын олигарх бұл жобадан құтылуды бұрын да ойлаған екен, бірақ оған мүмкіндік болмапты. 2009 жылы ол 6 миллиард долларды ұрлады деген айыпқа ұшырап, елден безе қашқан еді. Содан бері ол Ресей мен Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып жүр.

Осыған дейін қала мэрі Сергей Собяниннің басшылығымен Қала құрылысы – жер комиссиясының жұмыс тобы бірде-бір рет Әбіләзовтің «сақалды құрылысын» қарап көрмепті. Енді Мәскеудің үкіметі сауда кешені салынбай қалған жерге үш жылда паркинг тұрғызбақшы. Билік аталған құрылыс алаңын заң жүзінде көп кешікпей қолға алмақ. Демек, Әбіләзовтің қитұрқы әрекеттері одан әрі де әшкере бола бермек деген сөз.