Аймақтар • 26 Маусым, 2019

Қызылордалық еріктілер көмекке келді

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыстағы жағдай бір қаланың тұрғындарын ғана емес тұтас елдің қабырғасын қайыстырып жіберді. Жағдай тұрақталып келеді деп дәтке қуат еткенімен өз үйіне орала алмай отырған қала тұрғындарына көмек әлі де керек. Сондықтан да «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның 20-ға жуық еріктілері қол ұшын беруге Шымкент қаласына келді.

Қызылордалық еріктілер көмекке келді

Олар «Nur Otan» партиясы облыстық филиалындағы қабылдау бекетіне сырбойылық азаматтардың, соның ішінде жас кәсіпкерлердің қолдауымен жинақталған азық-түлік, киім кешек, көрпе жастық, гигиеналық заттарды өздерімен бірге апарды.

Халқымызда «қайғы бөліссе азаяды» деген қанатты сөз бар. Қамыққан жұрттың жарасы жазылу үшін әлі біраз уақыт керек. Олар адамдар тарапынан мейірімділікке мұқтаж. Қызылордалық жастар осы олқылықтың орнын толтыру үшін баба салтымен көмек бермек.