Аймақтар • 26 Маусым, 2019

Азық-түлік тиелген автокөлік керуені Ақтөбеден Арысқа аттанды

596 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе аймағында «Арыстықтар –біз сіздермен біргеміз» атты көмек беру мен қолдау акциясы Оңтүстік өңірден апат жөніндегі суыт хабар жетісімен-ақ басталып кетті.

Азық-түлік тиелген автокөлік керуені Ақтөбеден Арысқа аттанды
 Сол күні өңірдегі өндірістік кәсіпорындар мен өзге де еңбек ұжымдары өздерінің бір күндік жалақыларын апаттан зардап шеккендерге арналған қайырымдылық қорына аудару жөнінде шешім қабылдады. Сондай-ақ облыста Арыс жұртшылығына моральдық және материалдық тұрғыдан қолдау көрсетудің шұғыл шаралары белгіленді.

Осы орайда Арыстағы апат зардаптарын азайту мен ауыздықтау жөнінде арнайы штаб құрылып, оның мүшелері гуманитарлық көмек бері ісін жүйелі жолға қоя бастады. Бұл жөнінде алғашқы кезектегі атқарылған іс-шаралар жөнінде Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Рахат Сыдықов газет тілшісіне былай деді:

- Азық-түлік түрлері тиелген автокөлік керуені көп кешікпей Ақтөбеден Арысқа аттанды. Оның жалпы салмағы 24 тонна құрайды. Алдағы уақытта Арыс қаласы үлкен құрылыс алаңына айналуға тиіс. Бұл бағытта ақтөбеліктер Арыстағыағайындарға жергілікті құрылыс индустриясының өнімдерін жеткізуді жоспарлап отыр. Оныңішінде тас, ағаш, құм, цемент және ғимараттардың төбесін жабуға арналған аса қатты әрі аса зәру материалдар бар. Алғашқы кезекте оның сомасы 20 миллион тенге көлемінде белгіленді. Көмек беру акциясының екініші кезеңінде оның мөлшері тағы да өсетін болады.

Арыстағы апат мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезінде орын алғаны мәлім. Осыған орай Ақтөбедегі атқарушы билік өкілдері 100 арыстық жас өренді облыс аумағындағы демалыс пен тынығу лагерьлерінде тегін демалдыру жөнінде шешім қабылдады.


АҚТӨБЕ