Орталық коммуникациялар қызметінде Энергетика министрлігінің халық алдындағы есебінің қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы өтті. Онда министр Қанат Бозымбаев сала бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында баяндады.

Қ.Бозымбаев еліміздің «жасыл» экономикаға көшу бағдарына сәйкес жаңартылатын энергетика секторы жоспарлы түрде дамып келе жатқанын айтып өтті. «Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2020 жылға қарай 3%-ға дейін, 2025 жылға қарай 6%-ға дейін, 2030 жылға қарай 10%-ға дейін артады» деді ол.
Егер 2014 жылы Қазақстанда қуаты 177 МВт болатын 35 ЖЭК объектісі болса, бүгінде жалпы қуаты 679 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 74 объектісі жұмыс істеуде. Жыл соңына дейін қуаты 236 МВт болатын тағы 10 ЖЭК объектісін іске қосу жоспарланып отыр. Сөйтіп жаңартылатын энергия көздері объектілерінің санын 2020 жылы – 95 (1483 МВт), 2021 жылы 119 (2096 МВт) бірлікке жеткізу көзделуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында экологиялық ортаны қорғау бойынша жол картасының әзірленіп жатқаны атап өтілді. Осы шараға орай жаңа Экологиялық кодекс жобасын әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Мұндағы ең негізгі бағыттардың бірі – «ластаушы төлейді» халықаралық экологиялық қағидатын іске асыру. «Ластаушы үшін айыппұл төлеудің орнына ластауға жол бермеу және ең озық қолжетімді технологияларды енгізу экономикалық жағынан тиімді болады» деді министр. Ал эмиссиялар үшін өндіріп алу жүйесі және төлемдер мөлшерлемесі қайта қарастырылатын болады.
Енді жергілікті бюджеттерге түсетін экологиялық төлемдердің кемінде 50%-ы экологиялық мәселелерді шешуге жұмсалатыны заңнамалық түрде бекітілмек. Қазіргі уақытта Экологиялық кодекстің жобасы белсенді талқылануда.
«Ясауи ізімен» экспедициясының көкжиегі кеңейеді
Руханият • Кеше
Тариф тұрғындарды тығырыққа тіремеуі тиіс
Қазақстан • Кеше
Ресей президентінің кезекті жолдауы
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Президенттік институт – пәрменді билік
Елбасы • Кеше
Өзегіне ұлт мінезі ұялаған «Салтанат»
Өнер • Кеше
Дулыға Ақмолда: Менің ешкімге ұқсағым келмейді
Өнер • Кеше
Таным • Кеше
Тоқішек пен тікішек обырларына шалдыққандар неге көбейді?
Медицина • Кеше
Екпе салдырушылар саны артып келеді
Аймақтар • Кеше
Дәрігерге «құрылысшы» киімі сатып алынғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
АҚШ санкциясы Қазақстанға әсер ете ме?
Қазақстан • Кеше
Ақтоғайдан Алматыға, одан кейін Бордо...
Спорт • Кеше
Қоғамдық кеңестердің өкілеті едәуір артады
Қазақстан • Кеше
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар