Аймақтар • 27 Маусым, 2019

«Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолы қашан ашылады?

400 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Халықтың тұрмыс сапасына ықпал ететін негізгі фак­торлардың бірі автомобиль жолы екені белгілі. Әсіресе ай­мақ­тардың тұрғындары үшін жолдың маңызы ерекше. Таяуда Мемлекет басшысын ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы мәселені тілге тиек еткені бекер емес.

«Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолы қашан ашылады?

Ұлықтау рәсімінде Президент: «Та­ғы бір маңызды, халықты мазалай­тын мәселе  – жолдардың сапа­сы. Сол себепті автожолдардың жағ­да­йын жақсарту – біздің негізгі мақ­сат­тарымыздың бірі» деген болатын. Шын­дығында, елімізде жөндеу не­месе жаңадан салу жұ­мыс­тары ке­шеуіл­деп жатқан жолдар аз емес. Сон­дай жолдардың бірі – «Нұр-Сұлтан – Павлодар» бағыты.

Жуырда Павлодар облысына жұ­мыс сапарымен барған Индус­трия және инфрақұрылымдық да­му министрі Роман Скляр осы авто­жолдың Шідерті кен­тінің маңындағы учаскесіне атбасын ті­реген-ді. Жұ­мыстың жай-күйін көзімен көрген министр мерзімінен тым ұзаққа созылған жол құры­лысын 3 ай ішінде  бітіріңдер деп шұғыл тапсырма берді. 

2014 жылы басталған «Нұр-Сұл­тан – Павлодар» жол құрылысы 2017 жы­лы пайдалануға берілуге тиіс болатын. Ми­нистр Р.Склярдың  «Нұр-Сұлтан – Павлодар»  автобан  жоба­сының уақы­тында аяқталмай жатқаны үшін халық алдында ұяла­тынын да жасыр­ма­ғаны соған байланысты.

– Шетелдік бір мердігер жобаны жол ортада қалдырып кетті немесе жер­­гілікті компаниялар сылбыр жұ­мыс жасады деп жауапкершіліктен қа­шуы­мызға болмас. Тапсырыс беру­ші  ми­нистрлік толығымен жауап беруге мін­детті, – деді министр.

Ал жол құрылысына жауаптылар маңызды жұмыстың кестеден кешік­тірілуіне  әуел бастан басты себепкер деп «ДенаРахсазКонстракшн» атты иран­­дық компанияға кінә артады. Бұл компания Павлодар аума­ғындағы ұзын­дығы 115 шақырым болатын үш жол учас­кесіне жауапты болған екен. Ком­­пания жүктелген міндеттемені орын­­дай алмаған соң, жасалған келі­сім­­шарт бұзылып, қайтадан конкурс ұйымдастырылған.

– Былтыр жолдың біраз бөлігі ашыл­ды. Биыл құрылысты аяқтауға 28 млрд теңге бөлінді. Қазір жұмыс кес­­теге сәйкес жүргізілуде. Жұмыс аз қалды. Қалқаман мен Павлодар ара­сындағы бірнеше учаскеде құйыл­ған бетон­дардың сапасы сынға ілік­кені белгілі. Төсеу технологиясы бұзыл­ғаны үшін мердігер компания жолды өз қаражатына қайта салады, – деді Р.Скляр.

«ҚазАвтожолдың» жергілікті филиал басшылары қыруар қаражатты игермеу жол салушылардың сыл­быр­лығынан, сондай-ақ, қиыр­шық тас пен битум сияқты материалдың жетіс­­­­­пеуінен де болды деп кінә­лайды. Кі­нә­­лілер анық­тала жатар. Қалай болғанда да, министр мер­дігерлерден жолды тезірек ашуды талап етіп отыр.

– Жұмыс күнін ұзартыңыздар. Бір учаскеде 54 техника бірлігі жұ­мыс істейді деп берілген. Алайда, көз­бен қарағанда ол техниканың жар­ты­сы да көрінбейді. Ха­лыққа 2, 3-ші мер­дігерлер ауысты, екі рет тен­дер өт­кі­зіл­ді деп түсіндіре алмай­мыз. Нақты мер­зім белгілейік. Жұ­мыс­ты 3 ай­да аяқ­тауды тапсырамын. Құры­лыс кес­т­есін түзетіңіздер. Қо­сымша мердігер ала­­сыздар ма, қайт­кенмен де биыл аяқ­тауымыз қажет, жылдамдатайық, – деді Р.Скляр.

Бұл автожолдың құрылысы 5 жыл бұрын басталғанын айттық. Содан бергі аралықта «ҚазАвтожол» АҚ-ның облыстық филиалының бірнеше басшысы ауысып үлгерді. Арасында істі болғандары да бар. Негізі,  осы басшылардан нақты жауапкершілік, халық алдындағы міндет пен парыз, талап пен тәртіп талап етілуі керек еді. Жоба басталғанда «ҚазАвтожол» АҚ жергілікті филиалын ең алдымен Ерсін Сариев  басқарды. Алайда, ол жобаны аяқтап үлгермей қызметінен кетті. Одан кейін  2017 жылы Қайрат Кәрібаев бас­шылыққа тағайындалған-ды. Одан кейін 2018 жылы небәрі  2-3 ай уақыт тізгін Нұралы Тойымбетовке тиді.  Қарап отырсақ, автобан құрылы­сын абыроймен  тапсырады деген басшылар бір жылға жетер-жетпес уақытта  тапсырылған міндетті орындамай, креслосымен қош айтысып  кете  барады.

Қазір жергілікті филиалды Ақыл­бек  Қабылдин басқарады. Оған бұл автожолды  2019 жылдың соңына дейін  аяқтау міндеті жүктеліп отыр.  Кезін­де Инвестициялар және даму министрі болған Жеңіс Қасымбек:

– «Нұр-Сұлтан – Павлодар» тасжо­­лында жаңа мердігерлер жұмыс іс­теп жатыр. Барлық проблема осы учас­­­келердегі жұмысты аяқтауға қа­тыс­­ты болып отыр. 2018 жылы атал­ған учаскені аяқтауға соңғы рет қар­жы беріледі, яғни 2019 жылдың бюд­же­тінде бұл жобаға ақша қарасты­рыл­ма­ған. Сон­дықтан нысан 2018 жылы то­лы­ғымен пайдалануға бері­луге тиіс, – дегені есімізде. Алайда  мер­­зім тағы ше­ге­­рілді. 2018 жылы пай­далануға тап­­сыру жоспарланған «Нұр-Сұлтан –  Пав­лодар» тасжолының құрылысы мер­­­дігерлердің жіберген олқылықтары сал­­дарынан созылып кеткені хабарланды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолға алынып, құрылысы  ұзаққа созылған тағы бір бағыт – «Орталық-Шы­ғыс» автожол дәлізі.  Бұл бағыт­тағы жолдың жалпы ұзындығы – 905 шақырым, оның 420 шақырымы Пав­лодар облысының аумағы арқылы өтеді. «ҚазАвтожол» АҚ жергілікті фи­лиалының мәліметінше, бұл аумақ 15 учаскеге бөлінген. Қазір 9-бөлікте құ­рылыс жұмыстары аяқталып, 200 шақырым жол пайдалануға берілген.

Сөз басында айтып кеткеніміздей, авто­мобиль жолы халықтың тұрмыс са­па­сына тікелей әсер ететін фактор. «Нұр-Сұлтан – Павлодар»  тасжо­лы­ның ашылуын күткен халық жазда ша­ңы бұрқырап, ойдым-ойдым болып жататын жолмен жүруден әбден шар­шады. Көлік апаттары да көп болады. Жұрт қашан аяқталады деп күтіп отыр.

 

Павлодар облысы