Шығыс Қазақстанның ауылдық елді-мекендерінде тұратын 230 көпбалалы отбасы бір айдың ішінде баспаналы болады.

Шығыс Қазақстанның ауылдық елді-мекендерінде тұратын 230 көпбалалы отбасы бір айдың ішінде баспаналы болады. Бұл туралы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды үймен қамтамасыз ету жөніндегі облыстық қоғамдық комиссия отырысында айтылды.
«Бүгінгі күні мемлекеттік тұрғын-үй қорынан үй алу кезегінде аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде тұратын 566 отбасы тіркелген. Олардың баспанамен қамту бірнеше кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде бюджеттен тыс қаржы есебінен 88 ауылдық округ пен 4 аудан орталығында (Бородулиxа, Катонқарағай, Көкпекті және Тарбағатай) 230 отбасына баспана алынады. Олардың жалпы құны - 558,5 млн.теңге. Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша аудандарда құрамына қоғамдық ұйымдар өкілдері мен көпбалалы аналар кірген жұмыс топтары кіріп, сатып алуға жататын үйлер мен пәтерлердің жай-күйін анықтады. Бүгінгі жиында барлық топтар өкілдері атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Қазір ауылдық округтер мен бірнеше аудан орталығын қамтыған бірінші кезең аяқталуға жақын. Құжат рәсіміне кететін он күннен кейін 230 отбасы өз баспаналарына ие болады. Келесі кезең қалған 309 жанұяны тұрғын үймен қамту. Бұл міндет «Бақытты отбасы» ипотекалық несиелеудің мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асады. Жұмыс шілде айында бастау алып, Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі арқылы жүрмек» дейді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.
«Бақытты отбасы» бағдарламасының өзгешелігі мынада:
- несие сомасы – 10 млн. теңгеге дейін,
- мерзімі – 20 жылға дейін,
- ставкасы – 2%,
- алғашқы жарна – 10%.
Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің несиелеу ережесі мен «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қатысушыларға келесі талаптар қойылады:
- үміткер мен отбасы мүшелерінің меншік
құқығында үйінің болмауы;
- ажырасқан жағдайда мерзімінің 3 жылдан артуы;
- төлем қабілетінің ресми қуатталуы;
- тұрғын-үй кезегінде тұрғанын және мәртебесін әкімдіктің растауы;
- соңғы 6 айдың орташа табысы әр отбасы
мүшесіне шаққанда, ай сайын, ең төмен еңбекақы мүлшерінен аспау керек (42,5
мың. теңге).
«Мысалы, отбасында 6 адам болса, бағдарлама қатысу үшін ең
жоғары табыс 255 мың. теңгені құрау керек (6 адам х 42,5 мың. теңге=255 мың.
теңге). Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына сәйкес, облыстағы бір
көпбалалы отбасы, орта есеппен 81 мың теңгеден астам қаржы алады. Отбасында кемінде
бір жұмыс жасайтын адамның болуы бағдарламаға төменгі төлем қабілеті бойынша
қатысуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда бағдарламаға қатысушылардың нақты санын анықтау
үшін әкімдіктер мен Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі көпбалалы отбасы санатында
кезекте тұрған 1 258 адамға төменгі критерийлер бойынша сараптама жүргізуде:
- жасы,
- ресми табысының бар болуы,
- баспанасының болмауы,
- несиелік тарихы.
Бағдарлама талаптарына сай болған жағдайда оларға 1 млн. теңгелік алғашқы төлем жарнасының тұрғын-үй сертификаты мен жеңілдетілген ипотекалық несие ұсынылады. Осылайша әр отбасы 10 млн. теңгеге дейін баспана алу мүмкіндігіне ие болады. Тұрғын-үй сертификаттарын облыстық қоғамдық комиссия береді. Даниал Аxметов қалалар мен аудандар әкімдеріне екі ай ішінде әр отбасына егжей-тегжейлі сараптама жүргізіп, қабілеттерін анықтауды тапсырды. Бұдан кейін қыркүйек айында «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға қанша отбасының лайықты, қаншасы қатыса алмайтындығы жөнінде белгілі болып, басқа мүмкіндіктер зерделенеді. Тиісінше комиссия көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қажетті баспаналарымен қамтудыі өзге де жолдарын қарайды» дейді облыс әкімінің орынбасары.
ӨСКЕМЕН
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • 12 Тамыз, 2022
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты
Әлем • 12 Тамыз, 2022
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • 12 Тамыз, 2022
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • 12 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • 12 Тамыз, 2022
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • 12 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар